Отандық спортшы түркиялық Илай Йорукпен бірге жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген еді.
С.Кенжебаева – И.Йорук финалда доданың 1-ракеткалары, германиялық Мина Ходжич – швейцариялық Мари Меттраукспен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда қазақстандық-түркиялық жұп сәтті ойнады – 6:4.
Екіншісінде қарсыластары есе қайырды – 5:7.
Есесіне супер тай-брейкте Сандуғаш пен Илай жеңісті жұлып алды – 10:8.
Тағы бір қазақстандық, 20 жастағы Аружан Сағындықова ресейлік Мария Головинамен бірге Монастир (Тунис) ITF W15 жарысының финалында ұтылып қалды.
Қазақстандық-ресейлік дуэт соңғы бәсекеде ғана словениялық Зива Фолкнер – сербиялық Елена Миловановичке жол берді – 4:6, 4:6.