Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің чемпионы атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол чехиялық, 18 жастағы Элиска Тихачковамен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, германиялық Софи Стойер – бельгиялық Амели Ван Импемен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық-чехиялық жұп камбэк жасап, бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсекеде 1:6, 6:1, 10:8 есебімен жеңіске жетті.
Өткен аптада қазақстандық теннисші түркиялық Илай Йорукпен бірге Анталияда үздік шыққан еді.
С.Кенжебаева өткен жылдан бері Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Артур Хайрутдиновтың қоластында жаттығып келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу