Санкциядан "үркіп" жүрген Қазақстанның мәселесіне нүкте қойылуы мүмкін

1846

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі, Трамптың екінші рет Президент атануы Қазақстанға қаншалықты әсер етеді?  

Санкциядан "үркіп" жүрген Қазақстанның мәселесіне нүкте қойылуы мүмкін Фото: © Depositphotos/MarkoAliaksandr

"Қазақстанға санкция салынуы мүмкін" деген әңгімеге нүкте қойыла ма? Inbusiness.kz тілшісі аталған сауалды бірнеше сарапшыға қойып көрген еді.

Жалпы, Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыс, екіжақты іссапар нәтижелі болғаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен 2 рет АҚШ-қа арнайы аялдап, инвестициялық, стратегиялық маңызы мол келіссөздер жасады.

Ерекше айтарлық бір жайт бар: Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы мен "С5+1" форматындағы саммит арқылы Америка секілді алып державамен дипломатиялық қарым-қатынастың нығайып, байланыстың беки түскенін байқау қиын емес. Биылғы алты айдағы жіберілген тауар көлемінің 888,8 млн долларға жетеғабыл болғаны мұның дәлелі саналады. Мұнай, радиоактивті элементтер, т.б. экспортында АҚШ – сенімді серіктесіміз.

Мысалы, осы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан 9 миллион тонна мұнайды (578 миллион доллар) мұхит асырып, Америкаға тасымалданғаны жайлы ақпарат бар. Бұл статистика өткен жылдан едәуір көп мұнайдың экспортталғанын көрсетеді.

Экономист Бауыржан Шурмановтан Трамптың билікке келуінің ел экономикасына, қаржы саласына әсері жайында сұрадық.

Ол сайлаудан соң 2 күнде рубльдің төмендегенін жеткізді. Сондай-ақ, бағамға қысым жасайтын екі факторды ерекше атап отыр. Ол – рубльдің құнсыздануы мен мұнай бағасының өзгеруі. 

Сарапшы "Тепе-теңдікте қаншалықты тығыз жүретінімізді ескерсек, теңге соңынан ереді" деген пікірді де айтады.

– Трамп жеңгеннен кейін Форекс нарығы көп өзгерген жоқ. Мысалы, қор сауда сессиясының қорытындысы бойынша орташа 5% өсімді көрсете отырып, өте эмоционалды әрекет етті. Қазір бағамға қысым жасайтын негізгі факторлар – рубльдің әлсіреуі және мұнайдың ауытқуы. 2 күн ішінде рубль 100-ден 98-ге дейін төмендеді. Бірақ шекара аймағында орналасқан. Ресейде олар егер курс 100 және одан жоғары деңгейге жетсе, жағдайды қабылдағанын мәлімдеді. Тепе-теңдікте қаншалықты тығыз жүретінімізді ескерсек, теңге соңынан ереді, – дейді ол. 

Экономистің пікірінше, барлық ведомствоның нарықты қатаң бақылайды, сол арқылы іске араласады. 

– Қазан айында Ұлттық қордан трансферттер үшін одан әрі сату жүзеге асырылады. Бұл курсқа өз кезегінде көмектеседі. 500 қазірдің өзінде бар, әрине, бұл – күрделі психологиялық деңгей. Менің ойымша, барлық ведомство нарықты және адамдардың бұған қалай қарайтынын бақылайды. Реттеуші өз кезегінде, егер қажет болса, өз мандаты бойынша араласуға кірісе алатынын айтты, – деп сөзін жалғастырды ол. 

Ал журналист Айтілес Жайшылық Трамптың шыншыл саясаткер екенін айтып, оның саяси көзқарасы мен идеясына тоқталды. Сайлау алдындағы саяси шешімдер мен шиеленісті сәттерге тоқталды. 

– АҚШ президентінің сайлау кандидатурасына Джо Байденнің орнына Камала Харрис түсіп, алғашқы дебатта Трамптың ел алдында "күл-талқанын" шығарғаннан соң, көпшілік аты аталған саясаткерді президент болуға лайық санады. Тіпті, әлеуметтік желідегі сайлауалды пікірталас пен сауалнамалардың өзінде американдықтардың Камала Харристің кандидатурасын құптағандай көрінгені байқалады. Тек соңғы сәтте ғана Трамп күтпеген жерден сенсация жасады деуге негіз бар. Трамп – шыншыл саясаткер. Оның саяси көзқарасы мен идеясы біркелкі демократ көшбасшыға келмейді. Оның Камаланы артқа тастап, президент атануының да себебі осында деп ойлаймын. Бәріміз білетіндей, көптен бері АҚШ-тағы миграция ел азамат-азаматшаларының әбден зығырданын шығарған. Ал елдегі ЛГБТ, феминизм секілді қозғалыстардың әкелген хаосы да әлеуметтік-экономикалық нарықты ұмыттырып жібергендей. Сол себепті халықтың көп бөлігі "Make America great again" қозғалысын қолдаған секілді. Ал Камаланың позициясы либералды адами құндылыққа негізделгені белгілі. Бірақ, одан бұрын халықтың тұрмыс-тіршілігі маңыздырақ екені айқын, – дейді ол. 

Сонымен қатар, журналист саясаттанушылардың пікіріне сүйеніп, АҚШ-қа кім президент болып келсе де, аса қатты өзгерістің болмайтынын айтады. Себебі, Американың Орталық Азияға деген көзқарасы өзгермек емес. 

– Трамптың президенттікке қайта келуі Қазақстанға айтарлықтай әсер етеді деп дөп басып айта алмаймыз. Егер саясаттанушылардың пікіріне сүйенсек, АҚШ-қа кім президент болса да, аса ештеңе өзгермейді. Американың Орталық Азияға деген көзқарасы, жалпы қарым-қатынасы сол күйі қалу мүмкіндігі жоғары. Ал енді Ресей мен Украина арасындағы соғыс шынымен АҚШ-тың ықпалымен тоқтаған жағдайда немесе Трамптың қалауымен Ресейге және Беларусь елдеріне санкция қоюдың жойылуы көптен бері үркіп жүрген, яғни Қазақстанға да санкция қойылу мәселесіне нүкте қоятыны айдан анық, – деп түйіндеді А.Жайшылық. 

Қорыта айтқанда, Қазақстанның әлемдік аренада жүргізіп отырған саясатының оң екенін уақыт дәлелдей түскендей. Достық, әріптестік байланыстар, іскерлік кездесулер, ресми сапарлар, бәрі-бәрі ел экономикасының жақсаруына әсер етпек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу