Санжар Сейтқазинов: "Каспий" Маңғыстау облысының келбеті болуды жоспарлап отыр"

2108

"Каспий" клубының директоры Санжар Сейтқазинов клубқа осы маусымға бөлінген бюджет жайлы, бас бапкер Благоевичтің командадағы болашағы, стадион мәселесі және болашақ жоспарлары туралы айтты.

Санжар Сейтқазинов: "Каспий" Маңғыстау облысының келбеті болуды жоспарлап отыр"

Ақтаулық "Каспий" футбол клубының директоры Санжар Сейтқазиновтың берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

- "Каспийдің" осы маусымдағы ойыны туралы не айтасыз? Қазіргі көрсетіп жатқан өнерлерін сәтті деп айта аламыз ба?

- Ешкім күтпеген нәтижеге қол жетізген команданы сәтті өнер көрсетті деп неге айтпасқа?! Маусым басында бізге сенбегендер көп болды. Бірақ біздің клуб басшылығынан бастап команда ойыншыларына дейін бұл пікірді ескермеді. Алға қойған жоспарымызға жету үшін әрекет жасадық. Тағы бір қуанышты жағдай "Каспийдың" жастар командасы Екінші лигада жеңіске жетіп, келесі маусымды Бірінші лигадан бастайды. Қаржы мәселесінен туындаған қиындықтарға қарамастан, біздің ұжым бар күшін салып, өз жанкүйерлерін қуантуға тырысты.

- "Каспий" клубына осы жылы қанша қаражат бөлінді?

- Маусым басында арнайы тағайындалған бюджет болды. Бірақ өздеріңіз білетіндей пандемияға байланысты жағдай күрт өзгерді. Кейіннен карантин шектеулері бәсеңдегесін барлығы қалпына келе бастады. Дәл сол уақыт менің командаға келуіме тұспа-тұс келді. Егер алдағы уақытта бюджеттегі ақшаны дұрыс қолданбасақ, клуб тіпті маусымды аяқтай алмай қалуы мүмкін болды. Сондықтан құрамға өзгертулер жасап, шығынды азайтуға тура келді. Барлық жағдайды ескере отырып, басшылыққа көрсеттік. Клуб басшылығы біздің пікірімізді қолдады. 2020 жылы клубқа жалпы 1 миллиард теңге бөлінді.

- Ойыншылар жалақысын қысқарту клубқа әсерін тигізді ме? Недегенмен ұжымнан біраз ойыншылар кетті емес пе?

- Әрине әсер тигізгендіктен, кейбір ойыншылар командадан кетті. Бірақ жағдайға түсіністікпен қарап, бізге қолдау көрсеткен ойыншылар мен бапкерлер де болды. Әр қиындықтың соңынан бір жақсылық келеді. Қаржы мәселесі салдарынан топтан біршама ойыншылар кеткенімен қосалқы құрамдағы ойыншылар алаңда өзін көрсетуге керемет мүмкіндік алды. Өз ойыншыларымызды жаңа қырынан танып білдік. Мәселен Тайкенов пен Набиханов. Бұл жігіттер біз артқан сенімді ақтап шықты.

- Благоевич ұжымнан кетуі мүмкін деген ақпараттар таралуда. Бапкерді командада қалдыру үшін әрекет жасап жатсыздар ма?

- Благоевичтің көрсетіп жүрген ойынына қарап, оған басқа клубтардан ұсыныс түсіп жатқанына мен таң қалмаймын. Дәл қазір оның болашағы туралы ештеңені басып айтпаймын. Ал біздің ұжымға келсек, Благоевичты құрамда сақтап қалғымыз келеді. Бұл жерде барлығы біздің мүмкіндігімізге байланысты болып тұр. Егер оған деңгейі жоғары командадан ұсыныс түсіп жатса, онда Благоевичты ұстап қалу қиынға соғады.

- Соңғы екі матчта "Каспий" сәтсіз өнер көрсетті. Ойыншылар басты тапсырманы орындап қойғасын босаңсып қалды ма әлде маусым соңы болғасын шаршады ма?

- Егер "Тараз" бен "Оқжетпеске" қарсы өткізген матчтарға келетін болсақ, ойын қиын өтті. Ол ойындарда біраз күш жоғалттық. Қос ойыннан кейін өзімізді қолға алу ауыр болған шығар.

- Егер Еурокубок үшін күрес "Ордабасы" мен "Шахтер" арасында болса және сіздің клуб негізгі міндетін шешіп, шетте қалса, бұл матчтағы команданың мақсаты қандай болды?

- "Каспийдің" шетте қалмағаны анық. Бірақ біз "Шахтерге" еш қиындықсыз берілу туралы әңгімелерді тыңдағымыз келмеді. Оларды жеңгіміз келді. Алайда біздің ойыншылар эмоционалды тұрғыдан жинақтала алмады. Қарағандылық клубтың ойыншылары керісінше, бірігіп, бізді жеңіп кетті.

- Осы маусымда "Каспийде" жалақы төлеу мен сыйақыларды үлестіру кешіктірілді ме?

- Біз жаттықтырушылар мен ойыншыларды ренжітпеу үшін барымызды салуға тырыстық. Егер кідірістер болса, команда түсіністікпен қарап, мәселені шешуге толық назар аударды. Қиындықтар клубтың меншігіне байланысты болды. Оны келесі жылы өзгертуді жоспарлап отырмыз. Жаңа жылға дейін уақыт жетеді деп үміттенемін.

- Осы маусымда "Шахтердің" бұрынғы директоры клубқа көмектесті деген ақпарат та болды. Оның көмегі қаншалықты пайдалы болды?

- Әлібек Урузгалиев клубтың қызметкері емес. Ол менің жақын досым. Мен одан әрдайым кеңес сұрай аламын. Жазда мен оны "Каспийге" шақырдым. бірақ белгілі себептермен Әлібек Сәкенұлы бұл ұсынысты қабылдай алмады. Алайда ол әрқашан бізге көмектесуге дайын болатын және клуб оның тәжірибесіне сүйене алады.

- Келесі маусымға қатысты облыс басшылығымен сөйлестіңіз бе? 2021 жылы "Каспийді" не күтіп тұр?

- Әзірге әңгіме болған жоқ. Бізді Премьер-лигада сәтті ойнағанымыз үшін құттықтады. Клуб ілгерілеу үшін жұмыс істеуде. мұнда жас ұрпақ үшін барлық жағдай жасалған футбол орталығы бар. Болашақ? Көп нәрсе келесі жылы бөлінетін бюджетке байланысты болады. Біз өзіміз де нәтижені жақсартуға және клубты дамытуға бел будық. Біз ҚПЛ-де бұдан да сәтті өнер көрсеткіміз келеді. Ал жастар құрамасы Бірінші лигадағы жанкүйерлерді қуанта береді деп сенемін. Аймақта футзалды дамыту жоспары бар. Ұзақ мерзімді перспективада футбол орталығында қыздардың да жаттығатындығын ескере отырып, қыздар футбол командасын құру керек.

- Команданың көшбасшы ойыншысы Себайхи ҚПЛ-дің басқа клубына ауысады деген ақпарат бар. Бұл туралы не айтар едіңіз?

- Әрине, мұндай деңгейдегі ойыншыға әрдайым басқа клубтардан сұраныс болады. Бірақ біз оның келесі маусымда командада қалып, бізге көмектескенін қалаймыз. Шынында да, Себайхи - керемет ойыншы. Ол бізде қарапайым талаптар қоя отырып ойнады.

- Келесі жылға жоспарларыңыз қандай? Жаңаөзендегі "Каспийге" арналған резервтік алаң туралы ақпарат пайда болды.

- Бірінші кезектегі міндет – "Жас Қанаттағы" жасанды төсенішті ауыстыру. Біз көгалдың қазіргі үлгіге сай болғанын және автоматты түрде суарылғанын қалаймыз. Трибуналардың үстіне шатырлар орнату жоспарда бар. Аймақ өте ыстық. Біз көрермендердің жағдайын да ойлауымыз керек. Көрнекі түрде аренаның көрінісін жақсарту керек. Өйткені онда жүгіру жолақтары жоқ. Ал трибуналар алаңға барынша жақын. Яғни шағын ағылшын стадионына ұқсайтын болады. Болашақта стендтерді гидроизоляциялау, стадионда жарықтандыру жүйесінің жұмысын жақсартуды қолға аламыз. Жаңаөзендегі стадионға келетін болсақ, трибуналар жөнделіп, алаң ауыстырылды. Күні кеше ғана мен қала әкімімен кездестім. Жасөспірімдер құрамасына Жаңаөзенде ойнауға және ол стадионды "Каспий-Жаңаөзен" деп өзгертуге мүмкіндік беру туралы алдын-ала келісім бар. Қала өте үлкен. Мұнда футбол жақсы деңгейде. Бұл мәселеде әкім бізді толығымен қолдады және командаға көмектеседі.

Яғни Жаңаөзен қаласының әкімдігі команданы ішінара қаржыландырады ма?

- Жоқ, олар матчтарды ұйымдастыруға көмектеседі және алаңды Бірінші лиганың стандарттарына сай етіп өзгертеді.

- Клуб жақын уақытта ақша табуға тырысады ма?

- Әрине. Ақтау - футбол қаласы. Яғни ақша табуға қабілетті. Біз бұл бағыттағы жұмысты ешқашан тоқтатқан емеспіз, бірақ өткен маусымда біраз қиналдық. Жанкүйерлер болмаған кезде маркетингтік қызметті ұйымдастыру қиынға соқты. Бірақ біз жұмыс жасаймыз. Басқа нұсқаларды қарастырамыз. Қаланың көп ұзамай туристік аймаққа айналатынын ескерсек, "Каспий" Маңғыстау облысының келбеті болуды жоспарлап отыр. Ұжымға меценаттар мен ұйымдардың қызығушылығы бар. Біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

- Жанкүйерлермен қалай жұмыс істейсіздер?

- Жұмыс жалғасуда. Бізде ең мықты жанкүйерлер жиналған. Олар кез-келген жағдайда команданы қолдайды. Мен кейбір белсенді жанкүйерлермен үнемі байланыстамын. Осыған байланысты "Каспий" олардың ұсынысын тыңдауға дайын.  

- Сұхбатыңызға рахмет!

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу