Қазақстан құрамасының тоғыз боксшысы алтын медаль үшін қолғап түйістірсе, оның 7-еуі өзбекстандықтарға қарсы өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жарыс жолын алғаш бастап, 48 келі салмақта сынға түскен Санжар Тәшкенбай Шодиержон Меликузиевке есе жіберді.
Төрешілер бірінші раундты 4:1 есебімен өзбекстандық спортшыға берсе, екінші кезеңде дәл осы есеппен қазақ боксшысы басым болды деп бағалады. Үшінші раунд қорытындысы да Меликузиевтің пайдасына шешілді.
Бұған дейін боксшы қыздарымыздың бесеуі ақтық сынға шығып, 100 пайыздық нәтиже көрсеткен еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу