Сапарбек Тұяқбаев: "ОҚО-да аграрлар үшін жеңілдетілген жанармайдың жетіспеушілігі жоқ, ал жеңілдетілмеген түрінің жетіспеушілігі мүлдем болмайды!"

Клара Ларина Клара Ларина
12732

ОҚО әкімдігі  өңірде ЖЖМ көлемінің жеткілікті екендігіне сендіруде. 

Сапарбек Тұяқбаев: "ОҚО-да аграрлар үшін жеңілдетілген жанармайдың жетіспеушілігі жоқ,  ал жеңілдетілмеген түрінің жетіспеушілігі мүлдем болмайды!" Фото: Клара Ларина

ОҚО әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев Шымкентте өткен баспасөз-мәслихаты  барысында өңірді ЖЖМ қамтамасыз етуде ешқандай проблеманың жоқтығы туралы мәлімдеді. Ол баспасөз-мәслихаты барысында  облыста жанар жағар майдың жетіспеушілігі деген мәселенің жоқтығы және жанармай жеткілікті екендігін бірнеше рет атап кетті.

"Облыстың жиын-терім жұмыстары үшін 39 мың тонна ЖЖМ бөлінген, оның 13 мыңы - шілде айына, 12 мыңы - тамыз айына, 14 мыңы - қыркүйек айына есептелген. Қазіргі күні оның 8,3 мың тоннасы игеріліп, соншалықты көлем облыс аудандарына жеткізілді,  ал 3,2 мың тонна фермерлік шаруашылықтармен сатып алынды.  Облыста барлық аудандар бойынша бекітілген  17 оператор жұмыс істейді, шаруалар үшін жеңілдетілген жанармайды сатуға жауапты 56 ЖЖС бар. Нарықтық баға бір литрге 99 теңге болып тұрған кезде фермерлер үшін арзандатылған жанармай бағасы мұнай базасынан тиелген жағдайда бір литрге 83 теңге болып бекітілген, ал ЖЖС сатып алған кезде литрі 85 теңгеден сатылады",- деді Тұяқбаев.      

Аграрларға жеңілдетілген жанармай талон бойынша беріледі.  Әкім орынбасарының түсіндіруі бойынша олардың фермерлері жергілікті әкімдіктерден мемлекеттік актілерге және белгілі нормативтерге сәйкес  суармалы жер аудандарын алады.  Әкімдіктерде олардың территориясында жұмыс істейтін  фермерлік шаруашылықтардың тізімі, олар туралы ақпарат бар, сонымен қатар растайтын құжаттар талап етіледі, сонда талондар тек мекенжай бойынша берілетін болады деп сендірді.

Сонымен қатар бекітілген операторлар жеңілдетілген ЖЖМ тек талон бойынша береді және  әкімдік алдында есеп береді.

"Телеарналардың бірінде облыстың Арыс ауданындағы шаруа қожалықтары басшысының жеңілдетілген жанармай жоқ деген арызына түсініктеме бере отырып, жеңілдетілген жанармайды жеткізу және ЖЖС-да болуы жөнінде мәселе жоқ, - де атап көрсетті ол.- Осы жағдайға байланысты біз жұмыс тобын құрдық, ол топ аталған ауданда жанармайдың жетіспеушілігі  мәселесінің жоқтығын, жанармайды аграрлар дер кезінде жеңілдетілген бағада алып жатқанын анықтады. Ал ол фермер не әкімдікке, не операторларға келмеген"

"Облыстың барлық ауданында ЖЖМ-ның жетіспеушілігі жоқ. ОҚО-да жанармайдың көлемі жеткілікті. Фермерлік шаруашылықтар оны жеңілдетілген бағамен алуда",- деп атап көрсетті әкім орынбасары.

Тұяқбаев бұл салада қандай да бір мәселелер немесе кешіктірулер  туындайтын болса, онда облыстық, аудандық әкімдіктердің ауыл шаруашылық басқармаларына келуін сұрады.

Тура осыны жанармайды қалыпты бағада сатып алатын автокөлік иелеріне де айтты.

Алайда, әкім орынбасарының айтуынша, бұл жерде ешқандай мәселе жоқ. Оның келтірген мәліметтері бойынша жалпы облыс бойынша шілде айына ЖЖМ-ның 5867 тоннасы бөлінген, оның – шамамен 30 мың тоннасы жанармай. Осы көлемнің жартысы 39 облыстық операторлар арасында бөлінеді, оларға облыстың барлық аудандарын қамтитын 364 ЖЖС бекітілген.

"Біз жағдайды сараптап отырмыз, егер қандай да бір ауданда жанармайдың жетіспеушілігі немесе қандай да бір мәселе туындайтын болса, біз оларды осы операторлар арқылы шешеміз. Көлем бекітілген, төленген, оны кесте бойынша алуда. Тағы да қайталап айтамын, облыста жанармайдың көлемі жеткікті",-деді спикер.

Ол сонымен қатар, қазақстандық жанармайдың Ресей мен Қырғызстанға қарағанда арзандауына байланысты, салыстырмалы баға бойынша олардағы жанармай бағасының теңгемен есептегенде орташа бағасы 150 теңге болуы  салдарынан алыпсатарлардың осы тұрғыда ақша тапқысы келетінін атап кетті.

Бұған әкімнің орынбасары мысал да келтіре кетті. ОҚО-ның бір ауданында бір азамат шаруа қожалықтарынан сенімхат бар деп жанармайды бүкіл ауылдық округке сатып алғысы келген. Алайда, ұжымдық өтінішті құжатпен негіздей алмаған.

"Ауылдық жерлерге жеңілдетілген жанармайды жеткізумен бекітілген операторлар айналысады. Олар мұны ауылдық жерлердің әкімдіктерінен немесе шаруа қожалықтарынан сұраныс келіп түскен жағдайда жасауға міндетті. Арзандатылған ЖЖМ-дың үлкен көлемін фермерлер де сатып ала алмайды, өйткені ауыл шаруашылық дақылдарына байланысты нақты гектарға бекітілген нормативтер бар",- деп түсіндірді Тұяқбаев.

Өңірден тысқары жерлерге жанармайдың кетіп қалмауы үшін облыс басшылығы операторларға ЖЖМ үлкен көлемде сатпай, тек бөлшектік көлемде сатуды өтінді.  Әкім орынбасарының айтуынша, әзірге солярканы облыс аумағынан  тысқары жаққа тасымалдау туралы фактілер тіркелмеген.

"Біз жанармайды жіберу және бөлуді бақылауда ұстаймыз, күн сайын сараптаймыз. Жанармайдың жетіспеушілігі туындаған жағдайда бірден әрекет етеміз, бөлінген көлем қайда кеткендігін анықтаймыз. Сатушылардың бірі өзінде бар қорды ұстап, жанармайдың жетіспеушілігін қолдан жасауы мүмкін. Барлық мәселе бойынша халықтың бізге келуін сұраймыз. Біз оларды шұғыл шешуге тырысамыз",- деп қорытындылады Сапарбек Тұяқбаев.

Клара Ларина, Шымкент

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу