Сапасыз салынған жолды кем дегенде жеті облыс әкімдігі қабылдаудан өткізе береді – ИИДМ

3870

Биыл жергілікті жолдардың сапасына бақылау жүргізу барысында тоғыз мыңға жуық сынама алынды, олардың 2,5 мың сынамасы (28%-ы) талаптарға сәйкес келмейді. 

Сапасыз салынған жолды кем дегенде жеті облыс әкімдігі қабылдаудан өткізе береді – ИИДМ Фото: primeminister.kz

Айта кетейік, сәйкессіздік бойынша көшбасшылар Шымкент (71%), Маңғыстау (61%), Алматы (56%), ШҚО (49%), БҚО (43%), Түркістан қ. (40%) болып табылады. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Ескертулерге қарамастан, тапсырыс берушілер объектілерді қабылдауда. Мұндай фактілер бойынша кейбір өңірлерде қылмыстық істер қозғалуда", – деді министр. 

"Сонымен қатар қаржыландыруды тепе-тең бөлу мәселесі өзекті болып отыр. Міндеттемелерге қарамастан жекелеген облыстар бұл талаптарды сақтамайды (БҚО, СҚО, Қостанай, Павлодар). Мысалы, Мемлекет басшысының тапсырмасына қарамастан, Батыс Қазақстан облысында жергілікті жолдарды дамыту қарқыны төмен. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республиканың орташа көрсеткіші 80% бола тұра өңірдегі жолдардың нормативтік жай-күйі 39%-ды құрады. Батыс Қазақстан облысына биыл 2,6 млрд теңге бөлінді, бұл барлық бюджеттің 10%-ын (қажетті қаржыландыру 30% кезінде) құрап отыр", – деді Өскенбаев.

Министр тамыздың соңына дейін автожол жобаларында сапаны және бақылауды күшейту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеп, Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа кіретініне сендіреді.

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу