Сапасыз сырттандар қайдан келіп жатыр?

2066

Қазақ футболында қазір қызу ауыс-түйіс жүріп жатыр. Командалар жаңа ойыншыларды қайдан алып жатыр?

Сапасыз сырттандар қайдан келіп жатыр?

Өткен аптада "Астана" Армения құрамасының вингері Тигран Барсегянмен келісімге келді. Тигран өткен маусымда қызылордалық "Қайсарға" Қазақстан кубогын жеңіге көп көмегін тигісзді. Барсегян жеке шеберлігінің арқасында көптеген голдар салды. Оның қаптал арқылы жасаған шабуылдары премьер-лига қорғаушыларының бас ауруына айналды. Англияның "Брентфорд" командасына қарсы өткен жолдастық ойында ол әдемі салынған голдың авторы атанды.

Осы айдағы басты жаңалық Бауыржан Исламханның "Зенит" командасының қатарына қосылуы. Әлбетте, клуб әлі ойыншымен ресми түрде келісім-шарт жасасқан жоқ. Дегенімен Бауыржанның Санкт-Петербор қаласының командасына байқауға баруының өзі жағымды жаңалық еді. Алғашқы жолдастық кездесуде Исламхан екі рет нәтижелі пас берді.

"Тобыл" трансферлік ауыс-түйісті жақсы өткізіп жатыр. Григорий Бабаян баптайтын команда қатарына Серікжан Мұжықовты қосып алды. Келісім осы жылдың соңына дейін жасалыныпты. Соңғы 6 маусым ол "Астанада" доп тепті. Бабаян қорғанысқа Стивен Эзе деген ойыншыны алдыртты. Нигерия елінен келген легионер 25 жаста. Ол өзінің ұлттық құрамасында ойнайды. Африка ұлттар кубогының күміс жүлдегері. Мамандардың айтуынша Эзе "Тобылдың" қорғанысын күшейтеді дейді.

"Жетісу" Болгария құрамасының ойыншысы Георги Пашовты сатып алды. Футболшы командаға қосыла салысымен бірнеше сайтқа сұқбат беріп, Қазақ футболының деңгейі күн санап артып келе жатқанын айтты. Пашовтың ойнаған соңғы командасы "Арарат Армения" екен. Ол сол командамен ел чемпионы атаныпты. Өткен жылдан бастап ол Болгария құрамасына шақырту ала бастады. Бас бапкер Дмитрий Огай биыл жүлдеге қол созатын команда жасақтап жатқан сыңайлы.

"Шахтер" жаңа басшылықтың шапағатын көргісі келеді. Бірақ, клуб қатарынан мықты ойыншылар кетіп, оның орнына нәтижелері төмен легионерлер келіп жатқандай. Игорь Щацкидің орнына ресейлік қақпашы Двид Юрченко алынды. Ресей премьер-лига клубтарында болғанымен, негізгі қақпашы болып алаңға көп шықпаған. Қорғанысқа "Қайсар" сапынан Абдел Ламанж ауысты. Ал тағы бір қорғаушы Гидеон Баа финляндияның "Хонка" клубынан келді. Баа қазақстан біріншілігінде бұрын ойнаған. Ол алматылық "Қайрат" сапында 7 матчта алаңға шықты. Сонымен қатар Гана құрамасының да намысын қорғаған.

"Тараз" Владимир Никитенконың басқаруымен үш легионер алды. Біріншісі, шабуылшы Братислав Пуношевац. Өткен маусымда "Қайсар" сапында мардымды ойын көрсетпеген шабуылшының командаға алу қандай қисыннан туғаны әзірге белгісіз. Екінші легионер Овидиюс Вербицкас. Ол бұрын қазақстандық маман Владимир Чебуринмен баптайтын литваның "Судува" командасында өнер көрсетіпті. Жамбылдық команданың үшінші жаңа ойыншысы сербиялық Йован Чаадженович. Бұл футболшы туралы ақпарат жоқтың қасы.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу