"Сараң екі рет төлейді": Соңғы екі жылда орман өртінен 182 млрд теңгеге залал келген

951

Өртенген орманды қалпына келтіруге 20-30 жылдай уақыт қажет. 

"Сараң екі рет төлейді": Соңғы екі жылда орман өртінен 182 млрд теңгеге залал келген Фото: РИА Новости

Бұл туралы депутат Еділ Жаңбыршин Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Соңғы екі жылдағы екі ірі өрттен келген залалдардың сомасы 182 миллиард теңгені құраған, 100 мың гектардан астам орман жойылды. Орманды қалпына келтіруге кемі шамамен 20-30 жылдай уақыт кетеді. Осы іс-шараларға есептеулер бойынша 150,9 миллиард теңге қажет болады", - деді мәжілісмен.

Оның дерегінше, жалпы шығын шамамен 384 миллиард теңгені құрап отыр.

"Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес республиканың барлық орман шаруашылықтарын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін 68 миллиард теңге қажет екен. "Сараң екі рет төлейді" деген сөз бар. Жалпы шығын қажетті сомадан бес жарым есе асып тұр. Үкімет қажетті соманы тез арада шешіп, бүкіл материалдық-техникалық базаны жаңалап алғаны тиімді емес пе? Бұл мемлекет үшін де, табиғат үшін де пайдалы болмақ", - деп қорытындылады Еділ Жаңбыршин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу