Сарапшы: фрилансерлерге зейнетақы аударымдарын жасатудың басты себебі – БЖЗҚ-ны толтыру

1477

Angels Niko Advisory кеңес беруші компаниясының басшысы Вера Капацина abctv.kz-пен болған сұхбатта фрилансерлер міндетті зейнатақы жарнасын (МЗЖ) неге жасамауына болатынын айтып берді.

Сарапшы: фрилансерлерге зейнетақы аударымдарын жасатудың басты себебі – БЖЗҚ-ны толтыру

2018 жылдың желтоқсанында еңбек министрлігі 2019 жылдың I тоқсанында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі заңға міндетті зейнетақы жарнасын төлеу рәсімін жеңілдетуге бағытталған өзерістер енгізетінін хабарлады. Жалдамалы қызметкер ретінде жұмыс істейтін ( яғни жасалған жеке еңбек келісімшарттары аясында) және азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша жұмыс істеп /қызмет көрсететін азаматтар АҚС келісімшарттары бойынша алатын табысынан МЗЖ-ны төлеу міндетінен босатылатыны белгілі болды. Заңға тағы қандай өзгерістер енгізілетіні әзірге белгісіз. Алайда қоғамда фрилансерлердің зейнетақы жарнасын төлеуіне қатысты наразылық туындап отыр.

– Вера Ивановна, мемлекет 2018 жылдың шілдесінен бастап АҚС келісімшарттары бойынша жұмыс істейтіндерді зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттеді. Бұл шешім қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз?

– Ең алдымен, жеке еңбек келісімшарты бойынша (ЖЕК) жұмыс істейтін адаммен АҚС келісімшарты бойынша жұмыс істейтін адамның арасындағы айырмашылық қандай екенін анықтап алайық. Сонда ғана мемлекеттің жеке тұлғалар мен компанияларға қатысты ұстанымын түсіне аламыз. Жеке еңбек келісімшартында еңбек келісімшартын жасаған жұмыс беруші мен жұмыскер болады. Бұл жұмыскер штаттық кестеге кіріп, еңбек тәртібіне бағынады деген сөз. Егер ол жұмыстаүш сағаттан артық себепсіз болмаса, оны жұмыстан шығарып жібереді. Жеке тұлға мен компания арасындағы қатынастар адам компанияның бір бөлшегі болып табылады деген негізде құрылады. Жұмыскер еңбек келісімшартына сәйкес еңбек демалысына шығып, ауруына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын әкеліп, белгілі бір игіліктерге ие бола алады.

Ал енді АҚС-ның не екенін қарастырып көрейік. Жеке тұлға еңбек тәртібіне бағынбайтын "еркін адам" болады, осыған сәйкес оған еңбек демалысы мен ауырғанына байланысты әлеуметтік жәрдемақы төленбейді. АҚС бойынша жұмыс істейтін адам он ай бойы ештеңе істемей, өз жұмысын тек есеп беретін кезде жасауы мүмкін. О баста мемлекетте еңбек келісімшарты бойынша жұмыс беруші зейнетақы аударымын төлейді, ал АҚС бойынша зейнетақы жарнасын ешкім төлемейді деген ұстаным болды. Кейін 2018 жылдың 2 шілдесінен бастап заңға өзгеріс енгізіліп, АҚС келісімшарттары бойынша жұмыс істейтіндерді өз пайдасы үшін келісімшартта көрсетілген сомадан 10% МЗЖ төлеуге міндеттегенге дейін мемлекет осы ұстанымды ұстап келді.

Енді әңгіме басқаша өрбуде. АҚС келісімшарттары бойынша компания жеке табыс салығын ұстайды. Осылайша, егер компания 100 мың төлейтін болса, онда ол 10% ЖТС-ны, яғни 10 мың теңгені ұстап қалады. Содан кейін фрилансер бастапқы сол 100 мыңнан МЗЖ-ны төлеуге тиіс. Бұл жерде бір адамға қосарлы салық салынып отыр. Яғни бір базадан ЖТС және МЗЖ ұсталуда. Ал жеке еңбек келісімшартында ең төмен жалақы мөлшеріндегі табысқа жеке табыс салығы салынбайды, басқа ережелер бойынша МЗЖ алынады. Нәтижесінде АҚС келісімшарттары бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғадан 20% ұсталады. Яғни егер 100 мыңға келіскен болса, онда таза қолға алатыны 80 мың ғана болады. Бір жұмыс тобы барысында АҚС бойынша МЗЖ үшін база ретінде барлық сома алынбау керектігін, мәселен, ең төменгі жалақыны алу керектігін талқылағанбыз. Бұл жақсы нәтиже беріп, МЗЖ-да төленіп, фрилансерлердің де қалтасына салмақ түспейтін еді. Бірақ та, өкінішке қарай, барлығы сол талқыланған қалпында қалды.

– Фрилансерлердің зейнетақы жарнасын төлеуіне халық неге наразы болды деп ойлайсыз?

– Әрине, бұған жұрт қарсы болды, өйткені АҚС келісімшарттары бойынша адам өзінің қызметін пайдаланатын компанияны өзі іздейді. Ал ЖЕК бойынша жалданып жұмыс істейтін адам жұмыс берушінің оған жалақы мен зейнетақы жарнасын төлеуге ақшаны қайдан табатынына басын ауыртпайды. Ол жұмыс берушінің мәселесіне алаңдамайды, жұмысқа келсе, жалақы алатынын біледі. Ал фрилансер болса, "Қойшыны таяғы, қасқырды аяғы асырайды" дегендей, өз қызметін ұсынып, жұмысты жан таласып өзі табуға мәжбүр. Ол он компанияға қызметін ұсынып, оның біреуі ғана онымен жұмыс істеуге келісуі мүмкін. Адамдар неге қарсы болды? Өйткені олар жұмыспен қамту орталықтарына бармайды, мемлекеттен ақша сұрамайды, жұмысты өздері табады, сөйтіп өзін-өзі асырап жүргенде оларға салық салатын болса, әрине, наразылық туындайды.

Мемлекетке заңдағы осы өзгеріс тиімді, себебі бұл зейнетақы жарнасына қосымша түсім. Бұл айтпаса да түсінікті. Екіншіден, мұндай жағдайда АҚС-ның маңыздылығы жойылады, адамдар АҚС келісімшарттарын жасаудан қашатын болады және осылайша, көптеген адамды штатқа жұмысқа алады деп мемлекет үміттенді. Алайда бұл жерде басқа бір мәселе туындайды. Мысалы, маған заңгердің толық күн жұмыс істегені қажет емес. Бізге заңгерлік қызметтер жылына бір-ақ рет қажет, сондықтан штатқа алмай, үлгілік шарт жасаған тиімді. Ал егер оны жұмысқа алатын болсам, ол тек бір апта ғана жұмыс істейді. Сосын мен оны жұмыстан шығарамын және пайдаланылмай қалған еңбек демалысы үшін өтемақы жасауым керек. Әңгімені ЖЕК және АҚС арасындағы айырмашылықтан неге бастадым, себебі АҚС келісімшарттары бойынша жұмыс істейтін адам тұрақты түрде қажет болмаған жағдайда жұмыс істейді.

– Сондай-ақ жұмыс берушілер АҚС келісімшарттары бойынша зейнетақы аударымын төлейтін болады деген пікірлер айтылған еді. Бұл қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз?

– Бұл бос сөз, өйткені жұмыс беруші мен АҚС – бұл екі сәйкес келмейтін ұғым. Егер жұмыс беруші туралы айтатын болсақ, онда ол жұмыскер жайлы айтамыз, ал егер АҚС келісімшарты туралы айтатын болсақ, онда жұмыс беруші жайлы айта алмаймыз. Мүмкін, еңбек министрлігі МЗЖ-ны жеке тұлғалар емес, АҚС келісімшартын жасаған компания төлейді дегісі келген шығар. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның қазіргі нұсқасында адамдар жарнаны өздері төлеуге тиіс. Еңбек министрлігі АҚС келісімшартын жасаған компаниялар жұмыс істейтін адамға зейнетақы жарнасын төлейді деп айтқысы келген шығар. Бірақ та оны кімнің қаражаты есебінен төлейтіні – бұл үлкен мәселе. Жұмыс беруші өз қалтасынан төлей ма әлде жұмыс істейтін адамнан ұстап қала ма? Егер жұмыскерден ұстап қалатын болса, онда фрилансерлердің орнына МЗЖ-ны жұмыс беруші төлейтін болып шығады. Бұл жағдайда ақшаның зейнетақы қорына дейін жететіні анық.

Егер еңбек министрлігі компания өз қаражатынан төлеу керек деп айтқысы келген болса, онда мен өз қалтамнан біреу үшін неге ақша төлеуім керек деген сұрақ туады. АҚС келісімшарттары бойынша жұмыс істейтіндерге зейнетақы жарнасын төлету – дұрыс ойластырылмаған шаруа. Шындығына келер болсақ, адамдар өз табысын өздері тауып, келешек өмірін өздері қамтамасыз етуде. Оларға 10% салық салу мүлдем әділетсіз. Егер мемлекет оларға кепілдік беріп, мысалы, жұмыссыздарға ең төменгі жалақыны төлеп отырса, онда АҚС-ға зейнетақы жарнасын төлетуге болады. Мен зейнетақы аударымын қосымша салықтық аурытпалық деп қараймын, маған Қазақстанда ЖТС мөлшерлемесі 10%-ды құрайды дегенде, бұл өтірік деймін. Өйткені ЖТС-пен бірге зейнетақы аударымдары қоса жүреді, нәтижесінде салық 20%. МЗЖ-ның менің зейнетақы жасына жеткеніме дейін қазіргі аударым жасағандағы құнын жоғалтпайтынына сенбеймін. Менің зейнетақым қазірдің өзінде бірнеше рет құнсызданды. Сондықтан бұл жарналарды жасаудың бір ғана себебі бар – ол зейнетақы қоры қаражатын толтыру деп ойлаймын. Менің ойымша, АҚС келісімшарты бойынша жұмыс істейтіндерден тиындап жинағанша, барлық негізгі салықты бюджеттің басым бөлігін толтырып отырған ірі салық төлеушілерден алу керек. Олар зейнетақы жасына немесе зейнетақы аударымы оларға дейін жетпеуі мүмкін.

Майра Медеубаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу