"Сарыарқа" чемпиондық атағын қорғап қала ма?

1486

Қазақстан чемпионатының финалындағы алғашқы кездесуде фаворит саналған қарағандылық команда күтпеген жерден жеңіліс тапты.

"Сарыарқа" чемпиондық атағын қорғап қала ма?

Көкшетаулық "Арландар" хоккейден Қазақстан чемпионатының финалдық сериясының алғашқы кездесуінде еліміздің қазіргі чемпионы "Сарыарқадан" айласын асырды.

Қарағандылық хоккейшілер көкшетаулықтардың қақпасына толассыз шабуылдар ұйымдастырғанымен, қақпашы Румянцевтің тамаша ойыны "Арландарды" алға сүйреді. Қонақтар 60 минутта қарсыластар қақпасына бар болғаны 15 соққы жасай алды. Бірақ осының өзі жеңіске жету үшін жеткілікті болды. "Арлан" сапынан Роман Граборенко шешуші голдың авторы атанды.

Ал Хоккейден Қазақстан чемпионына берілетін Pro Ligasy кубогі Қарағандыға жол тартты. Алғашқы аялдама кеншілер астанасы болды. 16 сәуірде "Сарыарқа" мен "Арландар" бірінші матч өткізді. Ал  бүгін, 17 сәуірде елорда уақытымен 17:00 де финалистер сериядағы екінші кездесуін "Қарағанды-Аренада" өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, "Сарыарқа" еліміздің қазіргі чемпионы. Ал биылғы маусымда Петерис Скудра командасы ел чемпиондары атағын қорғап қала ма, оны уақыт көрсетеді.

Сарыарка – Арлан, сериядағы бірінші матч, 1:2 (0:0, 1:0, 0:2)

1:0 - 35:27 - Рахманов (Ширяев, Аноховский)

1:1 - 43:34 - Бердников (Куршук, Егоров)

1:2 - 47:15 - Граборенко (Маркелов)

Қақпашылар: Крамарь - Румянцев

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу