"Сарыарқа" "Ертісті" жеңіп, үшінші орынға көтерілді

2735

Қарағандылық "Сарыарқа" жұма күні шайбалы хоккейден Қазақстанның тұрақты чемпионатында өз айдынында павлодарлық "Ертісті" жеңіп, үшінші орынға көтерілді.

"Сарыарқа" "Ертісті" жеңіп, үшінші орынға көтерілді

Турнирлік кестеде 44 кездесу өткізген өскемендік "Торпедо" 113 ұпаймен көш бастап тұр. 2-орынды "Теміртау"  (42 ойыннан кейін 82 ұпай) иеленсе,  "Номад" 40 кездесуден кейін 80 ұпаймен 3-орынға жайғасқан. Ал "Сарыарқа" 40 матчтан кейін 79 ұпаймен 4-орынға тұрақтады. Бірақ "Ертіспен" өткен кездесуден кейін "Сарыарқа" елордалық клубты 3-орыннан ығыстырып, бір саты жоғары көтерілді.  "Сарыарқаның" өз алаңында үш ұпай алатынына ешкім күмәнданбады.

Бірақ, бұл кездесуге дейін "Номад" Нұр-Сұлтанда турнирлік кестеде бесінші орын иеленген атыраулық Бейбарыспен кездесті. Бірінші кезеңнен кейін есеп қонақтардың пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Матчтың 4-минутында Денис Курепановтың шығарған пасын Кирилл Старцев қақпаға дәл бағыттады. Ал 12-минутта Артем Гарифуллин есепті еселей түсті. Алғашқы кезеңнің қорытындысы мүлде басқа нәтижемен аяқталар еді. Бірақ алаң қожайындарын тағы бір голдан қақпа бағанасы құтқарып қалды.

Алғашқы кезеңде "Номад" қарсыластарға қауіпті сәттер ұйымдастыра алған жоқ. Алайда екінші жиырма минутта – 24 және 32-минуттарда Егор Петухов дубль жасап, есепті теңестірді. Қарсыластар бұған бірден жауап берді. Валерий Васильевтың қақпаға бағыттаған соққысы "көшпенділер" үшін тосын сый болды. Есеп 2:3.

Үшінші кезеңде қонақтар белсенділік танытты. "Бейбарыс" шабуылшысы Курепановтың қақпаға алыстан бағыттаған соққысы голға айналды. Бұған алаң қожайындары қорғаушы Валерий Ореховтың дәл соққысымен жауап берді. Ал финалдық ысқырыққа дейін бір минуттай уақыт қалғанда айдын қожайындары тәуекелге барып, қақпашыны алтыншы ойыншымен алмастырды. Бұл жағдайды сәтті пайдаланған Гарифуллин дубль авторы атанды. Осылайша кездесу "Бейбарыстың" пайдасына 5:3 есебімен аяталды.

Ал Қарағандыда "Сарыарқа"  айдынға шыққанда "Номадтың" жеңілісінен хабардар болатын. Нәтижесінде "Ертісті" ірі есеппен тізе бүктірді. Дегенмен ойынның алғашқы қырық минутына дейін есеп 2: 2 болып, тең өтті. Бірақ үшінші кезеңде қарағандылықтар павлодарлықтардың қақпасына төрт гол соқты - 6:2. Осылайша 82 ұпай жинаған "Сарыарқа" үшінші орынға көтерілсе, "Номад" 4-сатыға түсіп қалды.

"Сарыарқа" — "Ертіс" 6:2 (1:1, 1:1, 4:0)
Шайбалар:

1:0 — 02:15 Аноховский (Рахманов)
1:1 — 11:00 Игнатенко (Шетле)
1:2 — 23:42 Игнатенко (Билимбаев, Шетле)
2:2 — 34:04 Голоднюк
3:2 — 44:11 Михайлов (Зеленков)
4:2 — 44:51 Никулин (Шохов)
5:2 — 50:49 Воробьёв (Зеленков)
6:2 — 55:00 Михайлов (Сиксна, Горбачев)
Қақпашылар: Ибрагимов — Микушин

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу