"Сарыарқа" финалда

1876

Қазақстан Президенті кубогі аясында бүгін "Сарыарқа" қытайлық "Куньлуньмен" кездесті.

"Сарыарқа" финалда

Матчтың алғашқы кезеңі тең дәрежеде өтті. Екі командада да гол соғатын жақсы мүмкіндіктер болды. Алайда қақпашылар мінсіз әрекет етіп, гол соғуға мүмкіндік бермеді. Статистикаға көз жүгіртсек, Куньлунь екі соққы артық жасаған - 11: 9. Бірақ олар жиі алаңнан қуылып отырды. Осы уақыт аралығында үш рет "Сарыарқада" бір ойыншы артықшылығына ие болды. Бірақ олар мұндай мүмкіндікті пайдаланып, гол соға алмады. Командалар үзіліске 0: 0 есебімен кетті.

Матчтың екінші кезеңінің алғашқы жартысы тартысты өтті. Кезең Мадияр Ыбырайбековтың айдыннан қуылуымен басталды. Ал сәл кейінірек "Сарыарқа" 3-те 5 форматында ойнай бастады. Ал "Куньлунь" өз мүмкіндігін толық пайдаланды. 3-ші минутта Спенсор Фу ойыншылар саны жағынан басымдықты пайдаланып, өз командасын алға шығарды. Гол жіберіп алған "Сарыарқа" хоккейшілері есепті теңестіруге асығып, біраз уақыт басымдылықты қолға алды.

Қарағандылық клуб ойыншылары қанша шабуыл ұйымдастырғандарымен, шайба қытайлық команданың қақпа сызығынан өте алмады. "Куньлунь" екінші кезеңде тәртіп бұзбай, бірде-бір пенальти алмады. Ал "Сарыарқа" сапынан жиырма минуттықтың соңында Ларионов айып алаңына кетті. Бір минуттан кейін Полохов команданы үш ойыншымен қытайлық бес ойыншыға қарсы тастап кетті. Бұл жолы қарсыластар ойыншылар басымдығын пайдалана алмады. Командалар екінші үзіліске 1:0 есебімен кетті.

Матчтың соңғы бөлігі Леонид Тамбиев шәкірттерінің белсенділігімен басталды. Бұл түсінікті жағдай. Себебі қарағандылықтарға жеңіс қажет болды. Бірақ, Джереми Смит соңғы минуттарға дейін сенімді әрекет етті. Ал қорғаушылар оған жақсы көмектесті. Егер сен гол соқпасаң, саған гол соғады деген қағида бар. Осылайша 8-минутта Паркер Фу есепті еселей түсті. Осыдан кейін "Сарыарқада" есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік болды. Бірақ бұл матчта қазақстандық клубқа сәттілік жетіспеді. Дегенмен, осы нәтижеге қарамастан "Сарыарқа" Қазақстан Президенті кубогының финалына шықты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу