"Сарыарқа" Италияның "Азиаго" командасын жеңді

1449

Қарағандылық ұжым Польшаның Краков қаласында өтіп жатқан құрлық кубогі турнирі аясында өткізген екінші матчта да жеңіске жетті.

"Сарыарқа" Италияның "Азиаго" командасын жеңді

"Сарыарқа" Құрлық Кубогындағы екінші кездесуін өте сенімді бастады. 8-ші минутта Эмиль Нұрғалиев пен Кирилл Кожевниковтың шығарған пасынан кейін Денис Федоров қарағандылықтарды алға шығарды. Жалпы "Сарыарқа" ойыншылары алғашқы кезеңді тартысты өткізді. Есеп ашылғаннан кейін бір-екі минут өткеннен соң қарағандылықтар басымдылығын еселей түсті. Ал кезең аяқталар тұста Степан Грымзин қатарынан екінші матчта гол соқты. Командалар 3:0 есебімен, үзіліске кетті.

Екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер белсенді өнер көрсетті деп айта алмаймыз. Шабуылдар болды. Бірақ "сары-қаралар" қарсылас қақпасына гол соға алмады. Кезеңнің соңында қонақтар ойыншылар саны жағынан басымдыққа ие болып, өз мүмкіндіктерін толық пайдаланды. Есеп 3:1.

Үшінші кезеңнің 15-минутында италиялықтар ойыншылар басымдығына қол жеткізді. 3-5 форматында ойнаған кезде Виктор Селиверстов өз қақпасына екінші голды жіберіп алды. Десе де, "Азиагоның" қуанышы ұзаққа бармай, Никита Аноховский дубль жасады.

Құрлықтық кубоктің екінші матчында 4:2 есебімен жеңіске қол жеткізген "Сарыарқа" финалға жолдама алды. Бүгін ел чемпиондары "Попрад" хоккей командасына қарсы турнирдегі ең маңызды ойынды өткізеді. Словакия құрамасымен кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу