"Сарыарқа" Қазақстан Кубогының иегері атанды

2480

Жеңімпаз тек овертаймда анықталды.

"Сарыарқа" Қазақстан Кубогының иегері атанды

"Сарыарқа" ХК шайбалы хоккейден Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Қарағандыда өткен финалдық кездесуде айдын иелері өскемендік "Торпедодан" жеңісті жұлып әкетті.

Кездесудің 16-минутында қонақтардың қорғаушысы Дмитрий Стулов есеп ашты. "Торпедо" екінші кезеңнің соңына дейін басымдылық танытты. Бірақ, кейіннен алаң иелерінің шабуылшысы Вадим Зеленков есепті теңестірді.

Нәтижесінде матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ал овертаймның үшінші минутында шабуылшы Сергей Голоднюктің қақпаға бағытаған дәл соққысы "Сарыарқаға" жеңіс сыйлады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан кубогы-2021 27-қаңтар мен 2-ақпан аралығында еліміздің үш қаласында – Қарағанды, Көкшетау және Павлодарда жаңа форматта өтті. Ал финалды "Қарағанды ​​Арена" қабылдады. Турнирге жалпы 12 команда қатысты. Сонымен қатар "Бейбарыс" ХК жарысқа қатысудан бас тартты. Енді атыраулық клубты бес жылдық дисквалификация күтіп тұр.

 "Торпедо" — "Сарыарқа" 1:2 ОТ (1:0, 0:1, 0:0, 0:1)
1:0 — 15:48 Стулов (Архипов, Петросян)
1:1 — 38:47 Зеленков (Михайлов, Никулин)
1:2 — 62:05 Голоднюк (Горбачёв, Борисевич)
Қақпашылар: Шутов — Бояркин. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу