"Сарыарқа" команда капитанымен келісім-шартты ұзартты

1384

Эдгарс Сиксна 2015-жылдан бастап қарағандылық клуб сапында өнер көрсетуде.

"Сарыарқа" команда капитанымен келісім-шартты ұзартты

Қарағандылық "Сарыарқа" команда капитаны Эдгарс Сикснамен бір маусымға келісім-шартты ұзартқанын хабарлады. Өткен маусымда қорғаушы "Сарыарқа" сапында Қазақстан чемпионатында 44 матч өткізіп, жеті гол соғып, 19 нәтижелі пас берген.

Қарағандылық клубпен бірге ол 2021-жылғы Қазақстан кубогының иегері және 2020/21 жылғы маусымдағы Қазақстан чемпионы атанды.

"Эдгарстың мансабы 2011-жылы "Лиепая Металлургі" командасынан басталды. Бір жылдан кейін Эдгарс Латвия ерлер командасының құрамында жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына қатысады.

2013-жылдың тамызында хоккейші Риганың "Динамосымен" кәсіби келісім-шартқа отырды. Бұл Құрлықтық хоккей лигасының құрамында бар, бірақ Ресей Федерациясынан тыс орналасқан алты команданың бірі. Эдгарс Сиксна ҚХЛ-да алғашқы ойынын 2013-жылы 22-қыркүйекте Витязь Подольскке қарсы өткізді. Осыдан кейін басқа клубтар оған қызығушылық таныта бастады. 2014-жылы ол "Динамо Балашиха" командасына ауысты.

2015-жылдың күзінен бастап осы уақытқа дейін спортшы қарағандылық "Сарыарқада" ойнады. 2018/19 жылдың маусымында Эдгарстың командасы Жоғары хоккей лигасының чемпионы және Петров кубогының иегері атанды.

Жоғарғы хоккей лигасында Эдгарс Сиксна 327 кездесу өткізді. Ал "Сарыарқада" 300-ден астамы матч өткізіп, "гол + пас" жүйесі бойынша 95 (23 + 72) ұпай жинады", - деп хабарлады клубтың ресми сайты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу