"Сарыарқа" өскемендік "Торпедоны" жеңіп, үшінші орынға көтерілді

1827

Қарағандылық ​​хоккей клубы сейсенбіде екінші рет қатарынан өз айдынында Өскеменнің "Торпедосын" жеңіп, Қазақстанның тұрақты чемпионатында үшінші орынға шықты.

"Сарыарқа" өскемендік "Торпедоны" жеңіп, үшінші орынға көтерілді

"Торпедо" ойыншылары осы маусымда қатарынан екі матчта қарсыластарына жеңіліп көрген емес. Оған қоса Қарағандыға келгенге дейін олар 20 кездесуде екі-ақ рет жеңіліс тапқан. Сондықтан биылғы жылы "Сарыарқамен" өткен екі ойында олар кем дегенде үш ұпай аламыз деп жоспарлады. Бұл оларға астаналық "Номадты" айналып өтіп, тұрақты маусым кестесінің жоғарғы қатарына оралуға мүмкіндік берер еді.

Алайда, "Сарыарқа" дүйсенбіде бірінші ойында "Торпедоны" 3: 0 есебімен жеңіп, оларға тосын сый жасады деуге болады. Матчтың алғашқы екі кезеңі тең дәрежеде, тартысты өтті. Екі команданың да ойыншылары қақпашылар Никита Бояркин мен Андрей Шутовтың осал тұсын таба алмады. Дегенмен гол соғуға мүмкіндіктері жеткілікті болды. Матчтың тағдыры соңғы жиырма минутта шешілді. Дмитрий Михайлов қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Ол "Сарыарқаның" қақпасына дәл соққы бағыттап, есеп ашты (1: 0).

Бұл матчтың 55-минутында орын алды. Қалған уақытта қонақтар гол соғуға тырысты. Бірақ қарағандылықтар кездесу соңына дейін есепті сақтап қалды. Бұл нәтижеге Нур-Сұлтанның "Номад" командасы қуанды. Себебі олар 54 ұпаймен тұрақты маусымның көшбасшысы болып қала бермек. "Торпедода" 52 ұпай бар. Олар көшпенділерден екі ойын кем өткізді. Сондықтан өскемендіктер әзірге чемпионаттың көшбасшысы атағына басты үміткерлердің бірі.

"Түсініктеме беретіндей ерекше ештеңе орын алған жоқ. Жеңілістің өзі-ақ  айтып тұр. Кеше біз алғашқы кезеңде жақсы ойнадық. Басымдық бізде болды. Мүмкіндіктер болды. Бірақ біз сол мүмкіндікті қолдана алған жоқпыз және ереже бойынша, егер сіз гол соқпасаңыз, онда қарсыласыңыз сізге гол соғады", - деді матч соңында "Торпедоның" бас бапкер Олег Болякин. "Өкінішке орай, екі ойында біздің шабуылшылар бірде-бір гол соға алмады. Кімнің жеңгісі келсе, сол жеңіске жетті", - деп қоса кетті ол.

"Сарыарқаның" бас бапкері Александр Соколов өз кезегінде оның ойыншылары Қазақстан чемпионатындағы ең мықты қарсыластарының бірін екі рет жеңгенін еске салды.

"Біз алты кезең өткіздік. Бірде-біреуінде ұтқан жоқпыз. Үшеуінде тең ойнадық, үшеуінде жеңдік. Ал ойыншыларға келетін болсақ, жігіттер керемет ойнады. Қарсы шабуылға шықты. "Сарыарқа" ақырындап өз ойынын тауып келе жатыр", - деді Александр Соколов.

Нәтижесінде қарағандылық команда үшінші орынға көтерілді. Өйткені сейсенбіде "Теміртау" өз айдынында "Алматыдан" 2: 6 есебімен тағы да жеңіліп қалды. Енді тұрақты маусымдық кестеде "Номад", "Торпедо" және "Сарыарқа" көш бастап,  чемпионаттың үздік триосын құрады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу