"Сарыарқа" тағы да чемпион бола ма?

1825

Қарағандылық "Сарыарқа" Қазақстан чемпионатында шақ келетін қарсылас таппай әлек. Бәлкім біріншілікті осы жерден тоқтата салармыз.

"Сарыарқа" тағы да чемпион бола ма?

Қарағандылық "Сарыарқа" өткен жылы хоккейден Қазақстан чемпионы атанған еді. Биыл да сол үрдісті жалғастырып, қарсылас шақ келтірмей жатыр. Елордаға қонаққа келген қарағандылықтар "Номад" клубын екі мәрте жеңіп, жеке дара көш бастады. Жеке дара көш бастағаны былай тұрсын, биылғы чемпионат басталғалы бері бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ. Қарсыласының барлығын жеңіп келе жатыр.

26 және 27 қыркүйек күндері "Номадпен" екі ойын қатарынан ойнауы тиіс болған "Сарыарқа" тек алғашқы күні ғана сәл қарсылық көрді. Бірінші болып елордалықтар есеп ашты. Всеволог Логвин қақпадан саңлау тауып, командасын алға шығарды. Бірақ, Арсений Борисов бір қорғаушыдан айласын асырып, қақпаның бос жерін дәл көздеді. Есеп теңескен соң, екінші периодта "Сарыарқа" қайтадан алға шықты. Александр Борисевич қонақтарды алға шығарды. "Номад" бір шайба салғанымен, бәрібір де жеңісті қарағанждылықтар тойлады. Есеп 2:3, қонақ команданың пайдасына.

Ал айналмалы біріншіліктің келесі турында "Сарыарқа" "Номадқа" деңгейін көрсетіп берді. Бірақ бірінші кезең тең аяқталды. Қос команда бір бірден шайба салды. Екінші бөлікте көрермендер салынған шайба көрмеді. Ал үшінші кезеңде Дмитрий Исмагиловтың қос шайбасы "сарыларға" жеңіс сыйлады. Осы жеңістің арқасында қарағандылық клуб 16 ұпай еншіледі. Олар чемпионат басындағы 8 ойынның бәрін жеңіп келе жатыр. Сөзсіз, бұл ғаламат көрсеткіш.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу