"Сарыарқа" үшінші мәрте ел чемпионы атанды

1313

Хоккейден Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары финалдық сериядағы жетінші матчта анықталды.

"Сарыарқа" үшінші мәрте ел чемпионы атанды

"Сарыарқа" ХК хоккейден Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. 3-3 есебімен аяқталған финалдық серияның шешуші кездесуінде қарағандылық клуб көкшетаулық "Арландардан" басым түсті. Қарағандыда өткен кездесу 5:2 есебімен айдын иелерінің пайдасына аяқталды. 15-минутта Денис Федоров "Сарыарқаны" алға шығарса, 24-минутта Саян Данияр басымдықты арттырды.

Бірақ екінші кезең аяқталмай жатып-ақ "Арлан" хоккейшілері камбэк жасады. Әуелі 32-минутта Александр Евграфов ойыншылар саны жағынан артықшылықты пайдаланып, гол соқса, одан кейін 38-минутта Никита Лукин таблодағы есепті теңестірді. Ал екінші үзіліске санаулы секундтар қалғанда Михаил Рахманов қонақтар қақпасына гол соқты. 49-минутта Сергей Барбашев есепті еселей түсті. Соңғы ысқырық алдында Никита Аноховский кездесудің нүктесін қойды.

Осылайша, "Сарыарқа" финалдық серияда 4-3 есебімен жеңіске жетіп, ел тарихында үшінші рет алтынға қол жеткізді. Сондай-ақ қарағандылық клуб тұрақты маусымның жеңімпазы.

 "Сарыарқа" - "Арлан" 5:2 (1:0, 2:2, 2:0)

1:0 - 14:33 - Федоров (Ларионов, Кожевников)

2:0 - 23:18 - Данияр (Борисевич, Федоров)

3:2 - 39:51 - Рахманов (Аноховский, Кунишников)

4:2 - 48:07 - Барбашев (Рахманов, Грымзин)

5:2 - 59:44 - Аноховский (Рахманов, Грымзин)  

Қақпашылар: Крамарь - Румянцев

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу