"Сарыарқа" жартылай финалда

1508

Бейсенбі күні хоккейден Қазақстан Чемпионаты аясында "Сарыарқа" мен "Құлагер" арсында кездесу өтіп, жеңіске жеткен қарағандылық команда жартылай финалға жолдама алды.

"Сарыарқа" жартылай финалда

Алғашқы жиырма минут "Құлагер" ойыншылары үшін жақсы басталды. Ойынның 5-ші минутында Станислав Логинов Альберт Вишняков пен Максим Первухиннің шығарған пасынан кейін есеп ашты. Үздіксіз он минуттай болған екі команда  арасындағы тартыстан кейін "Сарыарқаның" сұрмергені Сергей Голоднюк шайбаны қақпа торына дәл бағыттады. Ал оған гол соғуға  Дмитрий Михайлов пен Александр Борисевич көмектесті. Бір минуттан кейін Сергей Голоднюк Александр Борисевич пен Эдгарс Сикснаның шығарған пасынан кейін дубль жасап, "Сарыарқаны" алға шығарды. Осыдан кейін қарағандылықтар көп күттірмей, кездесудің 18-минутында тағы бір шабуылды ұйымдастырды. Бұл жолы Михайл Рахманов "Құлагер" қақпасына үшінші шайбаны соғып, таблодағы есепті 3:1-ге жеткізді.

"Сарыарқа" екінші кезеңді өте сенімді бастады. Ойынның 23-ші минутында Дмитрий Михайлов есеп айырмасын арттыра түсті - 4: 1. Петропавлдықтар қарсы шабуылдар жасап, қақпашы Никита Бояркиннің осал тұсын табуға тырысты. Бірақ, "Сарыарқа" хоккейшілері шайбаны көк сызықтан әрі асыруға мүмкіндік бермеді.

Үшінші кезең Александр Троицкийдің командасының соққан шайбасынан басталды. "Құлагер" сапындағы ойыншылардан екінші гол авторы Федор Хорошев болды. Осыдан кейін қарағандылық команда барынша есепті сақтап қалуға тырысты. Нәтижесінде плей-оффтың ширек финалында Петропавлдың "Құлагерін" серияда төртінші мәрте жеңген "Сарыарқа" жартылай финалға жолдама алды.

"Сарыарқа" - "Құлагер" 4: 2

0:1 - Логинов (Вишняков, Первухин) - 05:17
1:1 - Голоднюк (Михайлов, Борисевич) - 15:29
2:1 - Голоднюк (Борисевич, Сиксна) - 16:59
3:1 - Рахманов (Аноховский, Грымзин) - 18:42
4:1 - Михайлов (Рахманов, Горбачев) - 23:09
4:2 - Хорошев (Попитич, Первухин) - 40:51

Қақпашылар: Бояркин - Янков

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін "Номад" командасы да жартылай финалға жолдама алған болатын. Ширек финал аясындағы "Номад" пен "Теміртаудың" төртінші ойынының негізгі уақыты 4: 4 есебімен тең аяқталды. Бірақ овертаймда елордалықтар 5: 4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, "Номад" хоккейшілер серияны 4-0 есебімен жеңді (3: 2, 7: 0, 3: 2, 5: 4).

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу