Жоғарғы хоккей лигасында ойнайтын қарағандының "Сарыарқа" хоккей клубы өз айдынында "Дизель" командасынан басым түсті. Пензадан келген қонақтар бірінші болып есеп ашты. Шайба авторы - Романов. Бірақ, айдын иелері ұзақ созбай таразы басын теңестірді. Сергей Голоднюктің шайбасынан соң, Константин Сокалов есепті 2:1 қылды. Ал үшінші бөлікте қарағандылық хоккейшілер тағы да екі рет шайба салып, басымдылық көрсетті. Жалпы есеп 4:1, қазақстандық команданың жеңісі.
"Сарыарқа" — "Дизель" 4:1 (0:1, 2:0, 2:0)
Шайбалар:
0:1 — 15:59 Романов.
1:1 — 30:15 Голоднюк.
2:1 — 37:40 Соколов (Ремов, Янсонс).
3:1 — 45:40 Янсонс (Зиазов).
4:1 — 53:42 Ремов.