Бразилия футбол құрамасы мен "Әл-Хиляль" клубының ойыншысы Неймар "Семей" футзал командасына видео жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Семей" командасына жаңа маусымда сәттілік тілеймін. Сау болыңдар!", - деді Неймар.
32 жастағы Неймар 2023 жылдың тамызынан бері Сауд Арабиясының "Әл-Хиляль" клубында ойнайды. Оған дейін "Барселона", "ПСЖ" командаларында өнер көрсеткен. Ол Бразилия құрамасының тарихындағы ең үздік бомбардир (79 гол). Transfermarkt порталының мәліметінше, Неймардың трансферлік нарықтағы құны – 30 млн еуро.
Айта кетейік, "Семей" футзал клубы 1-2 қараша аралығында Қазақстан чемпионатының жаңа маусымы аясындағы алғашқы матчта өз алаңында алматылық "Қайратпен" кездеседі.