Сауд Арабиясы бокста революциялық реформа дайындап жатыр

431

Турки Аль-аш-Шейх лига құру туралы келіссөздер жүргізуде. 

Сауд Арабиясы бокста революциялық реформа дайындап жатыр Фото: ©instagram.com/queensberrypromotions

Сауд Арабиясындағы спорттық іс-шараларды ұйымдастырушы, корольдік отбасының мүшесі Турки Аль-аш-Шейх кәсіпқой боксқа революциялық жоба дайындап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры (PIF) әлемнің бірнеше жетекші промоутерлерімен келіссөздер жүргізуде. Мақсат – бокстағы ойын ережесін түбегейлі өзгертуі тиіс кәсіпқой бокс лигасын құру. Жобаның құны шамамен 4-5 миллиард долларды құрайды. Жаңа жоба UFC секілді, бірақ бокстағы ұйым болмақ және WBA, WBC, IBF және WBO бокс ұйымдарының қызметінен бас тартуы мүмкін.

Лиганың іс жүзінде қалай жұмыс істейтіні әзірге жарияланған жоқ. Бірақ жақында Эр-Риядта Эдди Хирн мен Фрэнк Уорреннің Queensberry Promotion промоутерлік компаниясының боксшылары арасында кездесу өткенін айта кетейік.

Reuters агенттігі жаңа бастамаға байланысты ақпарат алу үшін Сауд Арабиясы мен Эдди Хирнге хабарласқан. Бірақ олар бұл тақырып жайлы әңгіме қозғаудан бас тартты. Golden Boy бас директоры Оскар де ла Хойя да бұл сұраққа мүлде жауап бермеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу