Сауд Арабиясы мұнайды Ормуз бұғазын айналып өтетін бағытпен айдай бастады

461

Балама бағыт 1981 жылы салынған.

Сауд Арабиясы мұнайды Ормуз бұғазын айналып өтетін бағытпен айдай бастады Фото: cryptorank.io

Сауд Арабиясы өзінің стратегиялық Шығыс-Батыс мұнай құбырын толық қуатына шығарды. Бұл туралы Bloomberg және Al Arabiya басылымдары жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Шөл арқылы өтетін алып құбырмен тәулігіне 7 миллион баррель мұнай айдалады. Бұл – ұзындығы 1200 шақырым болатын магистраль үшін ең жоғары көрсеткіш. Құбыр 1981 жылы Ормуз бұғазын айналып өтетін балама бағыт ретінде салынған.

Жалпы көлемнің шамамен 5 миллион баррелі Қызыл теңіз жағалауындағы Янбу порты арқылы экспортқа жіберіледі, ал қалған бөлігі ел ішіндегі мұнай өңдеу зауыттарына жол тартпақ. 

Десек те, мұнай құбыры Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз жолын толық алмастыра алмайды. Соған қарамастан қара алтын Парсы шығанағы кен орындарынан тікелей Қызыл теңіз жағалауына жеткізіледі. Ал басқа бағыттар, мәселен, БАӘ-дегі ADCOP құбырының өткізу қабілеті әлдеқайда төмен.

Бұған дейін бұл мұнай құбыры йемендік хуситтер тарапынан дрон шабуылдарының нысанасына айналған. Сондай-ақ, Баб-эль-Мандеб бұғазы маңындағы шиеленіс салдарынан Қызыл теңізге шығу жолы да қауіп-қатерге толы. Бұл ретте техникалық мәселе де бар. Құбырдың қуаты Янбу портынан танкерлерді жылдам тиеу мүмкіндігінен асып түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу