Сауд Арабиясы мұнайын Сингапурда сақтайтын болды

357

Стратегиялық қор келер жылдың екінші жартысынан бастап аралдағы Джуронг аумағында орналастырылады.

Сауд Арабиясы мұнайын Сингапурда сақтайтын болды Фото: nikkei.com

Сауд Арабиясы мұнайын Сингапурдың жерасты қоймаларында сақтайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы екі елдің энергетика министрліктері мәлімдеді. Бірлескен бастама энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып, дағдарыс кезінде Оңтүстік-Шығыс Азияға мұнай жеткізілімін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері АСЕАН елдеріне Жапония және Оңтүстік Кореяның қолдауымен осындай жүйе құруды ұсынған еді.

Жоспарға сәйкес Токио мен Сеул Таяу Шығыстағы мұнай экспорттаушыларға өз қоймаларын жалға береді. Сәйкесінше, дағдарыс кезінде сол қорды сатып алу құқығына ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу