Бұл қадам "Палестинаны қаржылай қолдау бойынша халықаралық коалицияны" құру бастамасы аясында жүзеге асырылып отыр.
Сауд Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фарханның айтуынша, қаржы палестиналық мемлекеттік құрылымдар мен әлеуметтік қызметтердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ аймақтағы қаржылық дағдарысты еңсеруге бағытталмақ.
Палестина тарапы бұл шешімді оң қабылдап, Сауд Арабиясының жетекші рөлін атап өтті.
Халықаралық БАҚ-тың жазуынша, аталған көмек қазіргі таңда аймақтағы экономикалық қиындықтарды еңсеруге бағытталған маңызды қолдаудың бірі болып отыр.
Бұған қоса, халықаралық донор елдер де Палестинаға қосымша жедел қаржылай көмек бөлуге келіскені хабарланды.