Сауда балансының профициті маусым айында 1,7 млрд доллар болды

4523

Сіздердің назарларыңызға 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ҚР экспорты мен импортына шолу ұсынамыз.

Сауда балансының профициті маусым айында 1,7 млрд доллар болды

ҚР ҰЭМ-нің өзекті деректеріне сәйкес, маусым қорытындысы бойынша елдің сыртқы сауда айналымы 8,3 млрд АҚШ долларын құрады, бұл мамыр айымен (8,6 млрд доллар) салыстырғанда 3,8% -ға төмен, деп хабарлайды  afk.kz  . Атап айтқанда, тауарлар экспорты 5,6 млрд долларды (-1,3%), импорт – 3,3 млрд долларды (-7,4%) құрады. Импорттың айтарлықтай төмендеуінің арқасында сауда балансының оң сальдосы маусым айында 12,8% - ға, 1,7,7 млрд долларға дейін өсті.

1-Диаграмма. 2019 жылғы ҚР сауда балансы:

Дереккөз: ҚР ҰЭМ

Маусымда негізгі үздік ондық атауларының арасында түсімнің төмендеуі Қытай мен АҚШ-қа бейорганикалық химия өнімдерін, сондай-ақ Украинаға табиғи газ экспорттауда байқалады (1-кестені қараңыз). Сонымен қатар мұнай бағасының теріс динамикасына қарамастан, мұнай экспортынан түсетін түсімдердің (+7,8%) артуы байқалады. Осылайша, Brent мұнай баррелінің орташа бағасы биылғы жылдың маусым айында  бір баррелі 63,11 доллар болды,  бұл бір баррелі 70,41 доллар болған  мамыр көрсеткішінен 11,6% - ға төмен. Мұнай бағасының төмендеуі кезінде түсімдердің ұлғаюы экспорт көлемінің ұлғаюы есебінен болды, бұған Қашағандағы жөндеу жұмыстарының аяқталуы себеп болуы мүмкін. Еске сала кетейік, маусым айында мұнай экспорты мамыр айындағы 5,9 млн тоннамен (+2,7%) салыстырғанда 6,1 млн тоннаны құрады.

1-кесте. Негізгі экспорттықтауарлар:

Дереккөз: ҚР ҰЭМ

Импорт құрылымында үздік ондық негізгі атауларының арасында маусым айында негізгі төмендеу ауа/вакуумдық сорғыларға және пульттерге, панельдерге, консольдерге тиесілі (2-кестені қараңыз). Сонымен қатар, материалдарды өңдеуге арналған өнеркәсіп жабдығының импорты бойынша үлкен өсім байқалады. Импорттың елдік құрылымында жартыжылдықтың қорытындысы бойынша алдыңғы орынды бұрынғыша Ресей иеленеді, оған барлық импортталатын өнімдердің 36,6%-ы (-3,1%)тиесілі. Одан әрі Қытай – 16,4% (+0,7%) және Оңтүстік Корея–7,4% (+5,7%).

2-кесте. Негізгі импорттық тауарлар:

Дереккөз: ҚР ҰЭМ

Осылайша, мұнай бағасының кері  динамикасы экспорт көрсеткішіне әсер еткен жоқ. Алайда шикізат экспортының нақты көлемі ұлғайған кезде басқа тауарлар бойынша түсімдердің қысқаруына байланысты елдің экспорт құрылымындағы мұнай үлесі маусым айында мамыр айындағы 57,0% - дан 62,3% белгісіне дейін өсті. Сонымен қатар, импортты тездетіп төмендету есебінен ҚР сауда балансының профициті маусым айында 12,8% - ға, 1,5-тен 1,7 млрд долларға дейін өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу