Сауда-саттықты қыздырмақшы

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
5988

Өзбекстан басшысының Астанаға сапары барысында 679,3 млн доллар сомасына келісімшартқа қол қойылуы мүмкін.

Сауда-саттықты қыздырмақшы

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёвтің Қазақстанға, Астанаға ресми сапары барысында екіжақты бизнес-форум өтеді. Аbctv.kz-ке мәлім болғандай, форум аясында жалпы сомасы 679,3 млн долларлық бірқатар келісімге қол қойылуы мүмкін. Бизнес-форумға ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв қатысады деп жоспарлануда. Форумда 400-ге жуық адам болады деп күтіледі. Бизнес-форумның ұйымдастырушылары – ҚР инвестиция және даму министрлігі мен "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы.

Сауда-инвестициялық саладағы Қазақстан және Өзбекстан компаниялары арасында қол қоюға ұсынылатын құжаттар тізімі сан түрлі салаларды қамтиды.

Мысалға, инвестициялық салада "ДжиЭм Өзбекстан" АҚ автокөліктерін, "МАН Авто – Өзбекстан" АҚБ көлік техникасын, "СамАвто" АҚБ мен "Узавтосаноат" АҚ және "Аллюр" компаниялар тобы" АҚ арасында жеңіл салмақтыLE60 (8 m) және халықаралық HD50 (7 m) автобустарын, сондай-ақ жүк тиеу техникасын жинау өндірісін қолға алу жөнінде келісім жасасу мәселесі қарастырылмақшы.

Сауда саласында жалпы сомасы 679,3 млн долларға өзбек өнімін импорттау жөнінде 10 келісім қаралады. Олардың ең ірісі 476 млн долларға  "Узагроэкспорт" АҚ-ның балғын және өңделген көкөніс өнімдерін қазақстандық "Агро-экспорт" АҚ-ға жеткізуге келісімшарт пен 54,4 млн долларға "Узтадбиркорэкспорт" АҚ тоқыма, фармацевтика, өңделген көкөніс өнімдерін және құрылыс материалдарын Қазақстанда сауда желілері мен жекеменшік компанияларына жеткізуге келісімшарт болуы мүмкін.

Сондай-ақ   35 млн долларға  "Узбекенгилсаноат" АҚ,  "Узтадбиркорэкспорт" АҚ-ның тоқыма және тігін өнімдерін Қазақстанның импорттаушы компанияларына жеткізуге келісімшартқа қол қою жоспарланған, ал "Узкимесаноат" АҚ қазақстандық компанияларға 22,7 млн долларға химиялық өнімдерін жеткізуді көздеп отыр.

"Узэлтехсаноат" АҚ Қазақстанға 10 млн долларға электр-тұрмыстық техника жеткізу мүмкіндігін қарастырса, "Узстройматериалы" АҚ 5,1 млн долларға құрылыс материалдарын жеткізуді жоспарлап отыр.

"Узэлтехсаноат" АҚ "Gold Aluminum"ЖСШ және ОҚО әкімдігімен бірлесіп Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында тұрмыстық газ плиталарын жинау өндірісін ұйымдастыру туралы келісімге қол қоюды жоспарлайды.

Сонымен бірге "Узсаноатэкспорт" АҚ, "Узбекнефтегаз" ҰХК, "Узкимесаноат" АҚ 0,5 млн доллар сомасына құрал-жабдық, газ баллондарын және өзге өнімдерді жеткізу бойынша "Бірлескен химиялық компания" ЖШС және салалық компаниялармен келісімшартқа қол қою мүмкіндігін қарастырып жатыр.

"Узвинпромхолдинг" ХК 34,7 млн доллар сомасына "Эфес Қазақстан" ЖК және "Сройпректэксперт" ЖШС-не арақ-шарап және көкөніс өнімдерін жеткізу мүмкіндігін талқылауда. Сонымен қатар "Узбекчармпойабзали" компаниясы 7 млн доллар сомасына "Жетісу" АҚ, "Кедо" СҮ-не дайын былғары және аяқ киім өнімдерін жеткізуді қарастырып жатыр.

Қазақстан тарапынан Eurasian Resources Group S.a.r.l. компаниясы "Узэлтехносаноат" АК-ге 27 млн доллар сомасына алюминий қорытпасын жеткізуге экспорттық келісімшартқа қол қоюды жоспарлап қойды. Одан бөлек "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы бизнес-форум аясында 5,1 млн долларға "Узэлтехсаноат" АҚ-ға қазақстандық металл прокатын жеткізуге келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр.

ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы қазақ-өзбек сауда айналымы 1,5 млрд доллар (сыртқы сауда  айналымының жалпы көлемінің 3,1%), оның ішінде Өзбекстанға шығарылған қазақстандық экспорт – 922,5 млн доллар ( қазақстандық экспорттың жалпы көлемінің 2,8%) және қазақстандық импорт – 587,8 млн доллар (қазақстандық импорттың  жалпы көлемінің 3,8%) болған.

Өзбекстанға шығарылатын қазақстандық экспорттың ірі бабы бидай мен ұн екені белгілі. 2016 жылы 207 млн долларға 1,7 млн тонна бидай және 127 млн долларға 724,2 мың тонна ұн экспортталған. Сонымен бірге 2016 жылы Қазақстан 51,4 млн долларға 136,8 мың тонна мұнай, 50,6 млн долларға 89,1 мың тонна темір, таза және қоспасы бар тот баспайтын болат,  33,3 млн долларға 21,8 мың тонна өңделмеген алюминий, 21,4 млн долларға 26,1 мың тонна май, өсімдік майы немесе малдың майын және май ажырататын азық-түлікті экспорттаған.

2016 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға 108,4 млн долларға 1,7 млрд куб табиғи газ, 19,1 млн долларға 95,2 мың тонна минералды немесе химиялық тыңайтқыш, 23,7 млн долларға мата және тоқыма киім  әкелінген.  

Өзбекстан тарапынан қатысуы мүмкін қатысушылар:

1. Өзбекстан Республикасының туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті.    

2.  "Узбекенгилсаноат"  АҚ (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын біріктіретін мемлекеттік-акционерлік компания).

3.  "Узбекозиковкатхолдинг"  ХК(азық-түлік өнеркәсібін біріктіретін холдингтік компания).

4.  "Узэлтехсаноат" АК (радиоэлектрондық, электртехникалық өнеркәсіпті және құрал жасауды біріктіретін кәсіпорын, акционерлік компания).

5.  "Узагротехсаноатхолдинг" АҚ  (ауыл шаруашылық техникасын шығару, сату және сервистік қызмет көрсету).

6. "Узкимесаноат"  АҚ (химиялық кәсіпорындарды біріктіретін акционерлік қоғам).

7. "Узфармсаноат" АК (фармацевтикалық өндірісті біріктіретін кәсіпорын, мемлекеттік-акционерлік концерн).

 8. "Узстройматериалы" АҚ (компания құрамына құрылыс материалдарын шығаратын 100-ден астам кәсіпорын кіреді).

9. "Узсаноатэкспорт" АҚ  (химиялық және мұнай-химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылық өндірісі саласында машина жасау және металлургия, құрылыс материалдарын өндіретін өзбек өндірушілерінің өнімін экспорттау).

10.  "Узтадбиркорэкспорт" АҚ (өзбек өнімін шетелге шығаратын сыртқы сауда компаниясы).

11.  "Узагроэкспорт" АҚ (жаңа піскен және өңделген жеміс-жидек өнімін экспорттау бойынша сыртқы сауда компаниясы).

12. "Узбекистон Хаво Йуллари" ҰӘК (ұлттық әуе компаниясы).

13. "Узбекистон темир йуллари"  АҚ (мемлекеттік-акционерлік теміржол компаниясы).

 14.  "Узвиносаноат-холдинг" ХК  ( шарап жасайтын өнеркәсіп).

15.  "Узметкомбинат" АҚ (қара металлургия).

 16  "Узбекнефтегаз"  ұлттық холдингтік компния (мұнай мен газды геологиялық барлау, өндіру, тасымалдау сақтау өңдеу, сату).

17.  "Узавтосаноат" АҚ (жеңіл көлік пен коммерциялық техниканың толық спектрін өндіруші).

18. "Асака банк" АКБ ( мемлекеттік-акционерлік коммерциялық банк).

19. Өзбекстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің  ұлттық банкі.

20. "Узбекчармпойабзали" қауымдастық  (бәсекеге қабілетті тері өнімін, аяқ-киім және тері галантерия бұйымдарын өндіру,  тері шикізатын дайындау және өңдеу бойынша жұмысты үйлестіру).

 21. "Хунарманд" қауымдастық (мемлекеттік емес, коммерциялық емес  халықтың кәсібі мен қолданбалы өнерін дамыту жөніндегі қоғамдық ұйым).

 22. "Совпластитал" ААҚ  ( пластмассадан бұйымдар,  кәдесый бұйымдарын өндіру, жасанды гүлдер мен ағаштар шығару, фарфор мен қыштан түрлі-түсті шыныдан бұйымдар жасау).

23. "Узбекинвест" ҰЭИСК ( экспорттық-импорттық сақтандыру ұлттық компаниясы).

 Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу