Сауль Альварес допингпен жүрген болуы мүмкін

2040

Мексикалық боксшының осы кезге дейінгі жетістіктері күмән тудыртады.

Сауль Альварес допингпен жүрген болуы мүмкін

17 қыркүйек күні АҚШ-та Сауль Альварес – Геннадий Головкин арасында бокс кездесуі өтеді. Бұл трилогия деп атау алған атақты үшінші бокс кеші. Мұнда өзге де боксшылар шайқасқа түседі. Ал кештің ең басты жекпе жегіне мексикалық былғары қолғап шебері Сауль Альварес "Канелло" мен Геннадий Головкин шығады. Осы жекпе жектің алдында екі боксшы әртүрлі телебағдарламаларға барып сұхбаттар беріп жатыр. Соның бірінде отандасымыз Геннадий Головкин бір жағдайдың шетін шығарды.

"Мен өзге спортшының жеткен жетістіктерін төмендетіп отыратын адам емеспін. Мысалы, "Канелло" біраз жетістіктерге жеткен. Бірақ, менде бірнеше сұрақ бар. Ол осы жетістіктерге қалай жетті? Мен оның бірдеңе ойлап тауып, керемет өзгерістер жасағанын көргенім жоқ. Менің өзім де ондай қадамдарға бара алған жоқпын ғой. Дегенімен, қазір неше түрлі зертханалар бар. Дәрігерлер менен сұраса бірден мәлімдеймін: әлбетте "Канелло" қитұрқы әрекеттерге барды деп айтар едім. Егер менің сөздерім оның командасының мүшелеріне ұнамаса, онда ол олардың проблемасы".

Осы сөздерден кейін Сауль Альварестің командасының ішінде қызу талқы болып жатыр. Жуырда бұл мәселеге байланысты Альварес сұқбат беруі тиіс. Көптеген ТВ сұқбаттардың бірінде мексикалық боксшы допинг дауына қатысты пікірін айтатыны анық. Осыдан бірнеше жыл бұрын Сауль гамбургер етін жеп, допинг тесттен өте алмай қалған еді. Сол кезде Головкин өзге қарсылас іздеп, "Канеллоның" кездесуден қашқақтап жүргеніне налыған еді. Қазақстандық боксшының мына сөздерінен кейін АҚШ-тағы тілшілер мәселені май-шаммен қарастырады. Әлбетте, бұл сөздермен Гена қарсыласын мұқатып қалғысы келгені белгілі.

Ермұхамед Мәулен  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу