Саян Данияр: "Канадалықтар да адам ғой"

1694

Канадамен өткен матчта бірден екі ағайынды - Саян мен Самат Данияр дебют жасады.

Саян Данияр: "Канадалықтар да адам ғой"

Қос ойыншы да Қазақстан құрамасына жаңадан қосылған жастар. Олар бірге Канадада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында да өнер көрсетті. Ойыннан кейін Саян Данияр Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметіне сұхбат беріп, матчтан алған әсерлерімен бөлісті.

- Қай сәтте бойдағы қорқыныш кетті? Алғаш соққыны бөгегенде ме?

- Ойынға бара жатқанда-ақ барлығы маған көмектесумен болды. Командамыз өте тату болғандықтан аса қатты қобалжу болмады. Дайындыққа шыққаннан кейін жеңілдік пайда болды. Бапкерлеріміз шығып, ойынға дайындады.

- Матчтың 13 пен 15-ші минуты аралығында канадалықтар біздің аймақта ұзақ комбинациялар жасаумен болды, сәттерді жүзеге асыруға тырысты, ойын кезеңінің соңына қарай шаршаңқылық титықтатты ма?

- Жоқ, шаршаңқылық болған жоқ. Оның үстіне канадалықтар да шайбаны жақсы игерді. Алайда біз нұсқауға сай қимылдадық, өз қақпамыздың алдында ойнадық, шайба дарытпаудың амалын жасадық. Қатты шаршау болмады.

- Қай сәтте қиыс кетті? Үшінші кезеңде есеп теңестіргеннен кейін шайба соғылғанда қаншалықты өкініш болды?

- Үшінші голды өткізіп алғанымызда жағдай қиындап кетті. Оны өткізбегенде тең есеппен әрі қарай ойнай берер едік. Бар күш-қуатымызды салдық. Гол соға алмадық.  Сәттілік жетіспеген сәттер болды.

- Қазақстан құрамасының солтүстік америкалық командаларға қарсы матчтары неліктен осалдау болып жатыр?

- Осалдау дегенде, біз барлық матчқа шайқасу, ел намысын қорғап, жеңу үшін шығамыз. Тек кей жерлерде сәтін салмады. Дәл осы матчтарда ұтымды сәттерде гол сала алмадық.

- Италиялықтармен ойынға дейін қалыпқа келу қаншалықты қиын болмақ?

- Ең бастысы қазір кешкі асты жақсылап ішіп, ойынға дейін қалыпқа келу үшін ертерек ұйықтап, тынығу. Кемедегінің жаны бір, дайындаламыз.

- Өз дебютіңді толығырақ айтып берсең. Ойнайтыныңды қашан білдің және қандай сезімде болдың?

- Кеше бізге ойынға қатысатын құрамды жіберді және алғашқы минуттарда қобалжу болды. Алайда ұйықтар алдында "канадалықтар да адам ғой, бізден еш жері артық емес" деген ой келді. Жәй шығамыз да, өзіміздің үздік ойынымызды көрсетеміз дедім.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу