"Семей" әйгілі "Барселона" футболшысын сатып алды

394

"Семей" футзал командасы үш дүркін "Алтын доп" иегері бразилиялық Ферраоны қатарына қосты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Семей" әйгілі "Барселона" футболшысын сатып алды Фото: 018.kz

Биыл семейлік клуб ел біріншілігінде топ жарып, алғаш рет чемпион атанған болатын. Нәтижесінде, Чемпиондар лигасында бақ сынауға мүмкіндік алды.

Бүгінде команда басшылығы құрамын тәжірибелі футзалшылармен толықтырып жатыр. Жуырда команда сапына танымал қазақстандық қақпашы Лео Игита қосылған еді.

Енді "Семей" командасының жейдесін футзал жанкүйерлеріне Феррао лақап атымен танымал Карлос Вагнер Гуларте Фило де киді.

asnta.ru

Феррао 1990 жылдың 29 қазанында дүниеге келген. Спортшы "Жоинвилл", "Атлант" "Фаррупилья", "Тюмень" клубтарында доп тепкен. 2014 жылдан бері "Барселона" командасының намысын қорғады.

Айта кетейік, ол 2019, 2020, 2021 жылдарда әлемнің үздік футболшысы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу