Қазақстандық команда матч барысында 2:0 есебімен алда тұрғанымен, соңғы минуттарға қарай басымдығын сақтай алмады. Алаң иелері сапында голдарды Марсело (2-минут) және Камиль Герейханов (27-минут) соқты. Франциялық құрамадан Уассини Гирьо (32-минут) пен Биляль Баккали (33 және 40-минут) мергендік танытты. Баккали бұл ойында дубль авторы атанды.
Айта кетейік, "Семей" командасы алғашқы ойынды Францияда 4:5 есебімен жеңіліп бастаған болатын. Екі матчтың қорытындысы бойынша семейлік ұжым 6:8 есебімен жарыстан шығып қалды.
Биылғы маусымда Чемпиондар лигасында алматылық "Қайрат" командасы да өнер көрсетіп жатыр. 7 наурызға қараған түні олар сырт алаңда испаниялық "Картахена" клубымен кездеседі. 1/4 финалдағы алғашқы ойында алматылық команда 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.