Семей" футзал клубы шешуші ойында "Қайратты" пенальти сериясында жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Футзалдан Қазақстан чемпионатында финалдық сериядағы төртінші кездесу өтті. Онда "Қайрат" пен "Семей" кездесті. Бірінші таймда қос команда да үш голдан соқты. Екінші таймда Марлон Веласко шәкірттері басымдықты қолға алып, допқа көбірек иелік еткенімен, бірақ мүмкіндіктерін пайдалана алмады.
Экстра-таймда ойын қыза түсті. Атап айтқанда, семейлік әмбебап ойыншы Кайо Торрес хет-трик жасады. Бірақ "Қайрат" командасы есепті тез арада теңестіріп, чемпионаттың үздік бомбардирі Алиссон гол соқты — 4:4.
Нәтижесінде жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Семейлік ойыншылар дәлірек болып шықты. Матчтардың финалдық сериясы 3:1 есебімен Дави Мендонка шәкірттерінің пайдасына аяқталды. Семейдің футзал клубы тарихта тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды. Клуб 2023 жылы құрылған.
Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат" бұған дейін 2003/04 маусымынан бері үздіксіз жеңіске жетіп, қатарынан 20 рет Қазақстан чемпионы атанған болатын.