Семейлік клуб аталған турнирдің негізгі кезеңнің үшінші турында Венгрияның "Халадаш" клубымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Әрбір топтан алғашқы үш орынға ие болған командалар элиталық кезеңіне жолдама алатын еді.
Бірінші кезеңде "Семей" сапынан Феррао 2, Дедезиньо 8, Шыңғыс Есенаманов 11-минутта мергендік танытса, оған венгриялық командадан бір голмен жауап қайырды.
Екінші кезеңде қазақстандық команда басымдықты арттыра түсті. Олардың қатарынан Кайо Торрес 36, Родригиньо 37-минутта мергендік танытса, Феррао 38-минутта екінші голының авторы атанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу