Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

206

Чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.

Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

14–21 қазан аралығында Семей қаласындағы Abai Arena спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының бокстан чемпионаты өтеді.

Байрақты бәсекеге еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады. Олардың ішінде 246 ер және 125 әйел боксшы бар.

14 қазан күні жарыстың жеребесі тартылады. Ал салтанатты ашылу рәсімі 15 қазанға жоспарланған. Финалдық жекпе-жектер 21 қазанда өтеді. Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.

Салмақ дәрежелері:
Ерлер: 50 кг, 55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг, 80 кг, 85 кг, 90 кг және 90 кг-нан жоғары.
Әйелдер: 48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг, 80 кг және 80 кг-нан жоғары.

Чемпионаттың барлық жекпе-жектері QAZSPORT телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу