Семейде дзюдодан ел біріншілігінің ресми ашылу салтанаты өтті

183

Чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылғы ұлттық құрама жасақталады.

Семейде дзюдодан ел біріншілігінің ресми ашылу салтанаты өтті Фото: Абай облысының әкімдігі

10-13 қараша аралығында "Абай Аренада" еліміздің үздік дзюдошылары бас қосуда.

Астана, Алматы, Шымкент және 17 өңірден келген 600-ден астам спортшы 14 салмақ дәрежесінде күш сынасады.

Бүгінгі Қазақстан чемпионатының ашылу рәсімінде Абай облысының әкімі Берік Уәли, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Тимур Болат және дзюдодан елімізден шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Әйелдер арасында -48, -52 кг, ерлер арасынд -60, -66 кг салмақтарында үздіктер анықталады. Чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылғы ұлттық құрама жасақталады. Аралас командалық сайыстың жеңімпазына Қазақстан кубогы табысталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу