Семейлік клуб жолдастық кездесуде "Эмирейтсті" тас-талқан етті

268

Матч Рас Әл-Хайма қаласындағы "Emirates club stadium" стадионында өтті.   

Семейлік клуб жолдастық кездесуде "Эмирейтсті" тас-талқан етті Фото: Семей ФК

Семейдің "Елімай" футбол клубы маусым алдындағы дайындығын шетелде бастап, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі оқу-жаттығу жиыны барысында алғашқы бақылау кездесуін өткізді.

Андрей Карпович баптайтын команда жергілікті "Эмирейтс" клубымен жолдастық матчта кездесіп, ойын тізгінін толық өз қолына алды.

Матч барысында алаңдағы басымдықты уысынан шығармаған семейліктер қарсылас қақпасын 3 мәрте дәл көздеді.

Есепті Акмаль Бахтияров ашса, Артем Жилин шабуылды жалғастырып, артынша тәжірибелі Роман Мұртазаев өз мергендігін көрсетті. Қарсы тарап жауап қатуға мүмкіндік таппады.

Бұл нәтиже "Елімайдың" жаңа маусымға тыңғылықты дайындалып жатқанын аңғартады. Қазір команда БАӘ-дегі жаттығу үдерісін жалғастырып, алдағы күндері тағы бірнеше жолдастық кездесулер арқылы ойын өрнегін шыңдауды көздеп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу