Сенат "кибербуллингке" қатысты даулы заң жобасын мәжіліске қайтарды

1612

Сенатта қаралған баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша заң жобасы екінші оқылымда мәжіліске қайтарылды. Онда әлеуметтік желіде қызу талқыланған "интернет бетінде баланы кибербуллингтен қорғау" нормасы қарастырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сенат "кибербуллингке" қатысты даулы заң жобасын мәжіліске қайтарды

"Қаралып отырған заң жобасы, енгізілген құқықтық ережелер мен нормалардың негіздемесі, бүгінгі күннің қажеттіліктерінен және елдің келешектегі даму міндеттерінен туындап отырғаны белгілі.

Жалпы Заң жобасын қабылдаудан келесі нәтижелер, атап айтқанда, баланың құқықтарын қорғау саласындағы тиімді құқықтық негізді қалыптастыру және заңнаманы жетілдіру; балаларды оларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық көріністерінен, оның ішінде отбасылық қатынастар, білім беру және ақпараттық кеңістік салаларында қорғау тетіктерін іске асыру; балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген нысандарын ерте анықтау және ерте арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту; жоғары оқу орындарының білім беру қызметтерін ұсыну сапасын арттыру; олимпиада жеңімпаздары – дарынды балалар мен олардың педагогтарын қолдау күтіліп отыр.

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданғаннан кейін Комитеттің кеңейтілген отырысында Сенаттың тұрақты комитеттерінен, Сенат Аппаратынан және қоғам тарапынан келіп түскен бірқатар ескертулер мен ұсыныстар жан-жақты талқыланды. Барлық ескертулер мен ұсыныстар тиісті салыстырма кестеге енгізіліп, сіздерге ұсынылып отыр. 

Баяндалғанды ескере келе, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті "Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 29-бабының 1), 7) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына өзгерістер мен толықтыруды Сенат отырысында 2-ші оқылымда қарауына енгізеді және Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 5-тармағына сәйкес оларды Парламентінің Мәжілісіне жіберуді ұсынады", – дейді Динар Нөкетаева.

Бұл нормаға қарсы жарияланған петицияда не жазылған? 

Бұл заң жобасында қажет және маңызды түзетулер жазылғанымен, ел ішінде "Сарым мен Закиеваның түзетуі" деп танылған нормаларды да қамтиды. Сондықтан "елде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қолдануға шектеу енгізуге мүмкіндік береді" делінген. 

"Бұл түзетулер қабылданған жағдайда (заң жобасының 14-16 беті) Facebook, Instagram, Youtube, Telegram, Whatsapp және басқа да желілердің Қазақстан интернет кеңістігінде жұмыс істеуіне қауіп төнеді. Миллиондаған қазақстандық аталған әлеуметтік желілерді байланыс үшін, кәсібін дамытуға, сонымен қатар, елдегі саяси өмірге араласу құралы ретінде қолданады. Бұл Қазақстанның әлем қауымдастығына адам құқығын сақтайтын сыйлы мүше ретінде интеграциясына ғана соққы емес, сонымен қатар, ел экономикасына үлкен қауіп төндіруі ықтимал", – деп жазылған петицияда 

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу