Сенімді оралтқан сенсация

834

Бүгін ұлттық құрамаға қолдау көрсету үшін "Астана-Арена" стадионына 28697 жанкүйер келген.

Сенімді оралтқан сенсация

Қазақстан және Дания арасындағы ойын 3-2 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. 1 тайм басталысымен қонақтар допқа иелік етіп, өздерінің еуропалық ойындарын көрсетуге тырысты. Қазақстан құрамасының қақпасына алғашқы минуттан гол соғуға барынша әрекет еткенімен, Шацскийдің сеніміді ойны мүмкіндік бермеді. Қазақстан құрамасы сапында Оразов алғашқы таймда жақсы өнер көрсетіп командаластарын алға жетелегенімен Дания құрамасының қорғанысын бұза алмады. Есесіне Дания құрамасының 11 нөмерлі ойыншысы Хойлунд ойның 21 және 36 минутынтарында қос гол соғып командасын алға шығарды. Қазақстан құрамасы бұл екі голға алғашқы таймда жауап голын соға алмады.

Екінші таймда Дания құрамасының бапкері Юльман мырза жеңістеріне ерте сенді ме, әлде доп домалақ екенін ұмыттыма, бірден үш ойыншысын ауыстырып тактикалық өзгеріс жасады. Қателескен тұсыда осы болды Юльман бапкер сеніп шығарған жігіттері Дания құрамасының ойынына жан бітіре алмады.

Есесіне 2-таймда Қазақстан құрамасының ойыны өзгеріп сала берді, алдымен 73 минутта Зайнутдинов пенальтиді сәтті орындап есепті 1-2 ге жеткізді, гол жіберіп алған Дания құрамасы есепті еселейміз деп жүріп ойынның 86-минутында капитанымыз Асхат Тағыбергеннің голын жіберіп алды, Тағыбергеннің ғаламат соққысы Дания құрамасын түбегейлі есеңгіретіп тастағандай. Онсызда ойда жоқта екі гол өткізіп не істерлерін білмей қалған Дания құрамасына Абат Аймбетов 89-минутта құрамамыздың 3-голын соғып ойындағы нүктені қойды. Осылайша ел мақтап қыз жақтаған қақпашы Каспер Шмейхельге Қазақстан құрамасы 3 гол соғып 3 ұпай еншіледі.

Ұлар Айбын

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу