Сенсация. "Ақтөбе" аустсайдер командамен тең ойнады

620

ҚПЛ-2023 13-турының матчында "Ақтөбе" мен "Мақтаарал" тең ойнады.

Сенсация. "Ақтөбе" аустсайдер командамен тең ойнады

Ақтөбеде өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 29-минутта Элдер Сантана алаң иелерін алға шығарды. "Мақтаарал" 92-минутта Рамазан Кәрімов соққан голдан кейін қайта серпілді. "Ақтөбе" 25 ұпай жинап, үшінші орынды сақтап қалды. Ал "Мақтаарал" он ұпаймен 12-орынға жайғасты.

"Ақтөбенің" бас бапкері Андрей Карпович "Мақтааралмен" өткен тең ойынға (1:1) қатысты пікір білдірді.

"Әрине, үш ұпай жинағымыз келді. Өкінішке орай, қолымыздан келмеді. Біз көп мүмкіндіктерді пайдалана алмадық. Көңіл-күйіміз түсті. Бірақ, бұл жерде нәтижеге мен жауаптымын. Қателік жасадым, жігіттердің кінәсі жоқ. Жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Біз үш ұпай жинап, жеңіске жетіп, оларды қуантқымыз келді. Алайда жоспарымыз жүзеге аспады", - деді Карпович.

Сонымен қатар ҚПЛ-2023 13-турының матчында көкшетаулық "Оқжетпес" пен қызылордалық "Қайсар" ойнады. Көкшетаулық команда қарсыластарын "Астана Аренада" қабылдады. Матч "Қайсардың" жеңісімен аяқталды. 1:0. 56-минутта Әділет Кеңесбеков соққан гол қызылордалықтарға үш ұпай әкелді. "Қайсар" 19 ұпай жинап, сегізінші орынға жайғасты. Ал "Оқжетпес" кестеде 11-ші орында қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу