Сенсация. "Ақтөбе" "Оқжетпесті" 24:0 есебімен жеңді

120

"Ақтөбе" 25 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. 

Сенсация. "Ақтөбе" "Оқжетпесті" 24:0 есебімен жеңді

Бүгін, 2025 жылдың 16 маусымында өткен Қазақстан әйелдер чемпионатының 9-турында "Ақтөбе" клубы тарихта сирек кездесетін ірі есеппен жеңіске жетті. Ақтөбелік футболшы қыздар Көкшетаудың "Оқжетпесін" 24:0 есебімен тас-талқан етті.

Бұл матч ел футболының жылнамасында есте қаларлық оқиғаға айналды. Ойын басталысымен-ақ "Ақтөбе" қарсыласты толық басып тастады. Команданың шабуылдары үздіксіз өрбіді, ал қақпаға бағытталған соққылардың көбі нәтижелі аяқталып отырды.

Ойынның басты қаһарманы — Алина Литвиненко. Ол бір матчта 10 гол соғып, футбол тарихында сирек тіркелетін дека-трик авторы атанды. Сонымен қатар, Қазына Нұрбаева мен Наталья Нурмиева төрт-төрт голдан соқты. Айжан Боронбекова, Екатерина Морозова, Екатерина Бабшук, Анастасия Власова, Мәдина Жанатаева және Әсем Қаражанова да бір-бір голдан соқты. 

Тоғыз турдан кейін "Ақтөбе" 25 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Дәл осындай ұпайы бар "БИИК-Шымкент" әзірге көш басында тұр. 

Ал "Оқжетпес" бірде-бір ұпай жинай алмай, 3:99 гол айырмашылығымен соңғы орында қалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу