Сенсация. Әуесқой теннисші Million Dollar One Point Slam турнирінің жеңімпазы атанды

271

Джордан Смит әлемнің ең үздік теннисшілерін жарыс жолынан тайдырды. 

Сенсация. Әуесқой теннисші Million Dollar One Point Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Мельбурнде Australian Open аясында ұйымдастырылған Million Dollar One Point Slam турнирінде әуесқой теннисші Джордан Смит топ жарды. Бұл жарыстағы жеңісі үшін ол 1 миллион аустралиялық доллар көлемінде сыйақыға ие болды.

Турнир жаңашыл форматта өтті. Әр матч бар-жоғы бір ғана ұтыстан тұрды. Жарысқа кәсіби теннисшілермен қатар әуесқой спортшылар да қатысты. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының чемпионы Смит турнир барысында әлемнің екінші ракеткасы Янник Синнерді, әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған Аманда Анисимованы, сондай-ақ испаниялық Педро Мартинесті жеңді. 

Финалда Смит әлемдік рейтингте 117-орында тұрған Тайвань өкілі Джоанна Гарлэндті тізе бүктірді. 

Жарысқа барлығы 48 ойыншы қатысты. Олардың қатарында 24 кәсіби теннисші, аймақтық чемпиондар, іріктеу кезеңінен өткен спортшылар және wild card иегерлері болды. 

Айта кетейік, бұл турнирге Қазақстанның көшбасшы теннисшілері – Елена Рыбакина мен Александр Бублик те қатысты. Алайда қос қазақстандық та жарысты бір қарсыластан – әлемдік рейтингте 71-орында тұрған испаниялық Пабло Мартинестен жеңіліп, ерте аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу