"Сенсация!": Елена Рыбакина күтпеген жерден жеңіліп қалды

Елдің бірінші ракеткасы Франция ашық чемпионатын мерзімінен бұрын аяқтады.

"Сенсация!": Елена Рыбакина күтпеген жерден жеңіліп қалды Фото: WTA

Ол қарсыласына 3 сетте есе жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Елена Рыбакина "Ролан Гаррос-2026" турнирінің екінші айналымында әлемдік рейтингте небәрі 55-орында тұрған Юлия Стародубцевамен жолықты. Матч үш сетке созылып, нәтижесінде қазақстандық теннисші қарсыласына 3:6, 6:1, 6:7 есебімен есе жіберді.

Еске сала кетейік, Рыбакина Франция ашық чемпионатын сәтті бастаған еді. Бірінші айналымда ол словениялық Вероника Эрьявецті оңай жеңді. Есеп – 6:2, 6:2. Десе де, екінші айналымда күтпеген нәтиже тіркеп отыр.

Қазақстандық теннисшінің Франция ашық чемпионатындағы ең үздік көрсеткіші ширек финал саналады. Рыбакина бұл кезеңге 2021 және 2024 жылдары жетті. Ал биыл бұл межеге де жете алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу