Сенсация. Қазақстан құрамасы Словакияның тас-талқанын шығарды

1487

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында Словакия құрамасын қатарынан екінші матчта жеңіп, сенсация жасады. Осылайша, еліміздің құрамасы 10 ұпаймен өз тобында көш бастады.

Сенсация. Қазақстан құрамасы Словакияның тас-талқанын шығарды

Топтық кезеңнің төртінші кездесуі 2:1 есебімен аяқталды. Матчтың 18-минутында Ян Вороговский есеп ашса, 39-минутта Эльхан Астанов есеп айырмасын еселей түсті. 51-минутта Матус Беро гол соқты. Ал матч соңында словакиялықтар сапынан Юрай Куцка ​​екінші голды соқты. Бірақ VAR-ды қайта қарағаннан кейін шабуылда ереже бұзылғандықтан, гол есепке алынбады.

Кездесудің 87-минутында қонақтар сапынан Ондрей Дуда алаңнан қуылды. Себебі жартылай қорғаушы бір минут ішінде екі рет ереже бұзып, қызыл қағаз алды. Нәтижесінде, қазақстандықтар топ фавориттерін екінші рет ұтты.

Айта кетейік, Трнавада құрамамыз минималды есеппен (1:0) жеңіске жетті. Енді турнир қыркүйекте жалғасын табады. Футболшыларымыз 22-сі күні Нұр-Сұлтанда Беларусь командасын қабылдаса, 25-і күні сыртта Әзірбайжанмен ойнайды.

Магомед Адиев шәкірттері С дивизионының 3-тобындағы төрт ойында үш рет жеңіске жетіп, алдымен өз алаңында Әзірбайжанды (2:0), одан кейін Словакияны екі рет сенсациялық түрде жеңді (1:0 және 2:1). Тағы бір кездесуде Беларусьпен ойында (1:1) тең есеп тіркелді.

Қазақстан – Словакия – 2:1

Голдар: Ян Вороговский 18, Эльхан Астанов 39 – Матуш Беро 51

Сары қағаздар: Рамазан Оразов 86 – Норберт Дьомбер 23, Ондрей Дуда 86, Ладислав Алмаси 90+4, Юрай Куцка 90+5

Қызыл қағаз: Ондрей Дуда 87

Қазақстан: Игорь Шацкий (қ) – Тимур Досмағамбетов, Нұралы Әліп, Александр Марочкин, Сергей Малый, Михаил Габышев (Бағдат Қайыров 73) – Асхат Тағыберген (к), Аслан Дарабаев (Темірлан Ерланов 88), Ян Вороговский (Рамазан Оразов 73), Эльхан Астанов (Юрий Логвиненко 83) – Абат Айымбетов (Максим Самородов 88);

Қосалқы құрам: Мұхаммеджан Сейсен (қ), Бекхан Шайзада (қ) – Ғафуржан Суюмбаев, Елдос Ахметов – Самат Жарынбетов, Бауыржан Байтана – Артур Шушеначев;

Бас бапкер: Магомед Адиев.

Словакия: Марек Родак (қ) – Юрай Чватал (Вернон де Марко 46), Мартин Вальент, Норберт Гимбер, Петер Пекарик – Матуш Беро (Ладислав Алмаси 82), Патрик Горошовски, Лукаш Гараслин (Томаш Суслов 88), Юрай Куцка (к) – Ондрей Дуда, Альберт Руснак (Давид Стрелец 72);

Қосалқы құрам: Франтишек Плах (қ), Доминик Такач (қ) – Мартин Косцельник, Любомир Шатка – Станислав Лоботка – Иван Шранц, Роберт Боженик, Мартин Регали;

Бас бапкердің міндетін атқарушы: Самуэль Словак.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу