Сенсация! "Қызылжар" "Осиектен" басым түсті

3308

​Қазақстанның командасы Еурокубок ойынына тұңғыш рет қатысып отырған еді. Сол алғашқы қарсыласынан басым түсті.

Сенсация! "Қызылжар" "Осиектен" басым түсті

Жеребе тарту кезінде жарысқа бірінші рет қатысқалы отырған клубтарға ең қиын қарсылас түсетіні белгілі. Себебі жарысқа қатысу тарихы жоқ болғандықтан УЕФА рейтингтік ұпайдың жоқтығын алға тартады. Клубтар рейтингінде төмен орналасқан команда сол себеттегі ең мықты командаға қарсылас атанып жатады. Себебі мұндағы қатысушы командалардың саны өте жоғары болғандықтан, қарсыласты компьютер өзі анықтайды. Міне, соның нәтижесінде себеттегі мүмкін қарсыластардың ішіндегі ең мықтысы "Осиек" "Қызылжарға" қарсылас атанған еді.

Осыдан кейін жанкүйерлер де, мамандар да бірауыздан "Қызылжар" үшін жарыс осы жерде аяқталады деді. Бірақ көріп отырғандарыңыздай футболда мүмкін емес деген нәрсе жоқ. Жыл сайын еурокубоктерде өнер көрсетіп, футболшыларды миллиондап сатып жүрген клубтың өзі есім-сойы белгісіз бір командаға жеңіліп қалады екен.

Алғашқы матчта "Осиек" оп-оңай жеңіске жетті. 2 гол салып алып, еркінсіп кетті. Сырт алаңда 2 доп айырмасымен жеңіске жетіп жатқан команда босаңсымағанда қайтсін, байқаусызда бір гол жіберіп алды. Жауапты матчта сол бір автоголдың өзі көп әсер еткенін байқадыңыздар. Өз мүмкіндіктерін ұзақ уақыт голға айналдыра алмаған "Осиек" бір шабуылдан қақпасына доп өткізді. Ал одан кейінгі шабуылда Мусса Коне салған доп қазақстандық командаға тіпті сенімділік берді. Бұл ойыншыларды дер кезінде алмастырған Әли Әлиевтің арқасы десек артық емес. Гиорги Иваниадзе деген ойыншыны алаңға шығарғаны сол еді, ол 2 минуттан кейін бірден гол салды.

Енді "Қызылжар" кипрдің АПОЭЛ командасымен кездесетін болады.

"Осиек" (Хорватия) – "Қызыл-Жар" – 0:2 (жалпы есеп – 2:3)

Голдар: Гиорги Иваниадзе 62, Мусса Коне 71

Ескертулер: Марио Юрчевич 85 – Мирослав Лобанцев 83, Олег Мурачёв 87

"Осиек": Ивица Ивушич (В) – Марио Юрчевич, Даниел Лончар, Миле Шкорич (К), Карло Бартолец (Мато Милош 74) – Дарко Неяшмич, Петар Брлек (Дион-Дрена Бельо 75), Иван Фиолич (Антонио Манце 82), Кристиан Ловрич (Мийо Цакташ 62), Ласло Кляйнхайслер – Рамон Мьерес;

Резерв: Марко Маленица (В) – Славко Бралич, Адриан Баришич, Евгений Чебернко – Ведран Югович, Диего Барри, Никола Янич, Шиме Гржан;  

Бас бапкерНенад Белица.

"Қызыл-Жар": Мирослав Лобанцев (В) (К) – Юрий Бушман, Матео Мужек, Валерий Каршакевич, Марк Гурман, Еркін Тапалов – Пабло Подио, Мусса Коне – Евгений Козлов (Гиорги Иваниадзе 60), Павел Яковлев (Тимур Мульдинов 71), Элгуджа Лобжанидзе (Олег Мурачёв 82);

Резерв: Владимир Логиновский (В), Вадим Петров (В) – Әлдайыр Әділов – Рафаиль Оспанов;

Бас бапкерӘли Әлиев.

ТөрешіАнастасиос Папапетру, (Грекия).

29 шілде, 2022 – 00:30. Хорватия, Осиек, "Градски врт".

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу