Сергей Попков "Оқжетпестің" бас бапкері болып тағайындалды

2157

Өткен маусымда турнирлік кестеде 11-нәтиже көрсеткен көкшетаулық клуб бірінші лигаға түсіп қалған болатын.

Сергей Попков "Оқжетпестің" бас бапкері болып тағайындалды

57 жастағы ресейлік маман Сергей Попков "Оқжетпеске" бас бапкерлік қызметке қайта оралды. Ол бұған дейін 2015-жылы Көкшетау клубының жаттықтырушылар штабының құрамында болған. Ал 2017-жылы Попков бас бапкердің міндетін атқарушы ретінде  "Оқжетпеспен" маусымды аяқтады. Ол уақтытта клуб бірінші лигаға түсіп қалған еді.

2018 жылы оның басшылығымен команда Қазақстан Премьер Лигасына қайта оралды. Попковтың соңғы жұмыс орны Ресейдің екінші дивизионында өнер көрсететін "Тюмень" футбол клубы. Ол бас бапкердің көмекшісі қызметінде болған. Сондай-ақ Қазақстанда ол "Ақжайық" және "Ордабасы" командаларында жұмыс жасаған.

ҚПЛ-2020 қорытындысы бойынша "Оқжетпес" бірінші лигаға түсіп қалды. Оған қоса клубтан бас бапкер Андрей Карпович те қызметінен кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Карпович өткен екі маусым бойы көкшетаулық команданы жаттықтырды. Сонымен қатар қазақстандық маман және ұлттық құраманың бұрынғы футболшысы "Қайраттың" бас бапкері болған  Карлос Алос Феррердің көмекшісі болып жұмыс істеді. Ал 2018 жылғы маусымды бас бапкердің міндетін атқарушы ретінде аяқтады. Көкшетаулық командамен өткен сәтсіз маусымға қарамастан енді Карпович "Қызыл-Жар СК" командасын тізгіндеді.

Қиын жағдаға тап болған "Оқжетпестің" тек бапкері ғана ауысып қоймады. 14-қаңтар күні клубқа Юрий Геннадийұлы Бондаренко директорлық қызетке тағайындалды. Ол Көкшетау футболының жанкүйерлеріне жақсы таныс. Себебі оның басшылығымен "Оқжетпес" ФК 2014-жылы Бірінші Лиганың алтын медалін жеңіп алған болатын және клуб жүйесінде 2013-2015-жылдар аралығында қызмет атқарған. Ал 2015-2017 жылдары "Ордабасы" ФК президенті болып жұмыс істеді. Жаңа жылда жаңа бапкер, жаңа директор тағайындаған "Оқжетпес" өткен жылғы қателіктерге жол бермей, 2021-жылы нәтижелі өнер көрсетуге бекінгендей.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу