Серік Қонақбаев Азия бокс федерациясының айыптауын жоққа шығарды

2198

Бұдан бұрын бокс конфедерациясы AIBA-ға шағымданған болатын.

Серік Қонақбаев Азия бокс федерациясының айыптауын жоққа шығарды

Азия бокс федерациясы AIBA-ға бұрынғы президент Серік Қонақбаев қызметінен кеткен кезде жаңа басшылыққа архив және қаржы құжаттарын бермеді деп шағым түсірді. Серік Қонақбаев жарғыда қарастырылған төрт жыл, яғни 2014 жылдан 2018 жылдың қарашасына дейін Азия бокс федерациясында президент болды. Оның орнына БАӘ өкілі Анас аль-Отаиба келді.   

"Бұл айыптауларды мүлдем жоққа шығарамын", – деді Серік Қонақбаев, жаңалыққа түсініктеме берген кезде. – Барлық құжат тиісті тәртіп бойынша жаңа басшылыққа берілді және оған дәлелім де бар. Азия бокс федерациясы AIBA-ға неге тап қазір осындай шағым жасап отырғаны, жаңа президент барлық істі толық қабылдамай тұрып қалай жұмысқа кірісті және конфедерация бүкіл бір континенттің боксын төрт ай бойы қалай басқарған, мен мұның мүмкін емес екеніне сенімдімін. Бұл ұйымдастыру кезінде жіберілген қате деп есептеймін және менің тарапымнан емес", – деді Серік Қонақбаев.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу