Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

302

Серік Сәпиев Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметінен кетіп, жаңа қызметке тағайындалды. 

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Ол Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, сондай-ақ 2026 жылғы жазғы XX Азия ойындарына дайындық штабының спорттық блогын үйлестіруші болып қызмет атқаратын болды.

Бұл шешім "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның жаңартылған редакциясында көзделген ротация аясында қабылданған.

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәдениет және спорт министрлігіндегі бірқатар жауапты қызметтерді атқарған. Қазіргі таңда ҚР Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті.

Айта кетейік, жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтеді. Азиада-2026 бағдарламасына 41 спорт түрі енген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу