Қазақстанда ең ірі қант зауыты салынғалы жатыр

347

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Al Khaleej Sugar компаниясының президенті Жамал әл Гурайрмен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда ең ірі қант зауыты салынғалы жатыр Фото: canva

Тараптар Алматы облысында қант зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырудың егжей-тегжейін талқылады.

Жобаны іске қосу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі мен "QazaqArabSugar" ЖШС арасында инвестициялық келісімге қол қойылды.

Жобаны жүзеге асыруға бағытталған жол картасы бекітілді. Ол Қазақстан Даму Банкі арқылы қаржыландыруды, жер телімін бөлу мен кеңейтуді, оны "Alatau" АЭА аумағына біріктіруді, инженерлік инфрақұрылымды тартуды, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және зауыт салуды қамтиды. Қазіргі кезеңде инвестор құрылыс жүргізілетін орынды анықтап үлгерді.

Жоба бойынша жылына 500 мың тоннаға дейін қант қызылшасын қайта өңдеу қарастырылған. Зауыт құрылысымен қатар шикізатты өсіруге арналған суармалы жерлерді дамыту және кеңейту жоспарланып отыр.

Жобаның жүзеге асырылу мерзімі – 3 жыл. Кездесу барысында құрылыс жұмыстарының басталу мерзімі, инфрақұрылымға қосылу мәселелері және өзге де ұйымдастырушылық-техникалық сұрақтар талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу