SGS компаниясы оқушылардың білім алуына инвестициялайды

7688

Сынақ, инспекция және сертификаттау саласындағы әлемдік көшбасшы SGS компаниясы AYALA қайырымдылық қорымен бірлесіп, Атырау қаласындағы № 43 орта мектепте химия кабинетін жаңғырту бойынша әлеуметтік жобаны іске асырды. 

SGS компаниясы оқушылардың білім алуына инвестициялайды Фото: AYALA

SGS компаниясының қаржылай қолдауының арқасында оқу мекемесі мектеп оқушыларына жаратылыстану ғылымдарын үйренуде жаңа мүмкіндіктер ашатын заманауи жабдықтарға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

№ 43 мектептегі жаңа химия кабинеті озық құралдармен және технологиялармен жабдықталған шағын ғылыми орталыққа айналды. Онда оқушылар химиядағы теориялық және практикалық білімдерін дамыта отырып, толыққанды зертханалық тәжірибелер мен эксперименттер жүргізе алады. Бұл жоба білім сапасын арттыруға және оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған. Ол сондай-ақ жасөспірімдерді инженерлік мамандықтарға тартуға көмектеседі.

№ 43 мектептің директоры Бибігүл Бақтығалиқызы Гапуова SGS компаниясына балаларға көрсеткен қолдауы мен қажеттіліктеріне көңіл бөлгені үшін ризашылығын білдіреді:

"Бұл жоба біздің оқушыларды химия сияқты күрделі пәндерді терең зерделеуге шабыттандырады. Ол бізге барлық заманауи стандарттарға сай келетін және балалардың жаратылыстану ғылымдарын оқытудың жаңа форматтарындағы қажеттіліктеріне толық жауап беретін қызықты білім беру ортасын құруға көмектесті".

SGS компаниясы қоғамның тұрақты дамуына, білім беру жағдайларын жақсартуға және өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған бастамаларды дәйекті түрде іске асырады.

"Осындай ауқымдағы жобалар біздің компанияның әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына адалдығын көрсетеді. Дарынды балаларды қолдау және олардың дамуына жағдай жасау - біздің стратегиялық мақсатымыз және біз AYALA қорымен бірге осы бағытта үлкен қадам жасағанымызға қуаныштымыз. Өскелең ұрпақтың біліміне инвестиция жасай отырып, біз Қазақстанның орнықты болашағына өзіміздің инженерлік кадрларымыз бен қуатты ғылыми-техникалық әлеуетімізбен инвестициялаймыз", - деп атап өтті SGS Kazakhstan бас директоры Азер Маммадов.

AYALA қайырымдылық қоры білім беру және денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік бастамаларға қолдау көрсетеді. 2007 жылы құрылған қор талантты балаларды әлеуметтік бейімдеу және дамытуға көмек көрсету жөніндегі ондаған жобаларды табысты іске асырды.

"Біз ҚР Білім және ғылым министрлігімен Меморандум аясында оқушылар үшін кәсіптік бағдарлау мүмкіндіктерін кеңейту бойынша белсенді жұмыс істеудеміз. Біздің ірі халықаралық компаниялармен серіктестік арқылы жасаған жобаларымыз көптеген жылдар бойы қазақстандық жасөспірімдерге түрлі мамандықтарда тәжірибелік дағдыларды игеруге көмектесіп келеді. SGS компаниясымен ынтымақтастық - бизнестің табысты синергиясы мен қайырымдылықтың Қазақстан үшін барынша пайдалы нәтижесінің тағы бір жарқын мысалы", - деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу